Праймериз-жаңа көшбасшыларды іріктеу мен тартудың арнасы
Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар,еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп,жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі,батыс елдерінің сайлау тәжірибесінде жүйелі қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.
Праймериз-партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі,яғни,партия атынан басты аламанға түсетін көшбасшыларды іріктеу.
Праймериз туралы Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы наурыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын. Осы орайда Нұр Отан партияішілік іріктеуді ашықтық пен жариялылық қағидаларына сай өткізу жоспарланып отыр.
Осылайша жаңғыру арқылы ашықтық пен жариялылыққа бағыт алған еліміздің саяси тарихында мәслихат пен Мәжіліске депутаттыққа үміткерлерді іріктеу тұңғыш рет праймериз тәсілі арқылы өтпек. Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болмақ. Сол себепті пандемия жағдайында басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда «NurOtan» партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғанын айта кетсем артық болмас. Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашанда бірінші орында болуы керек.
Праймериз тәсілі негізінде партияның жаңа тұлғалары мен көшбасшыларын іріктеу қалыптасқан «ойын тәртібін» өзгертіп,саяси додаға қатысатын тараптардың қызу таласын жаңа сатыға көтермек.
Сондықтан да мен өз жерлестерімді қоғамымыздағы өзекті мәселелерді түпкілікті шешу үшін,бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыны айқындау үшін,белсенділік таныта отырып партия қатарына қосылуға шақырамын.
Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы – «NurOtan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы "Аққұм ауылдық округі" БПҰ төрағасы, «Аққұм ауылдық клубы» КМҚ кәсіпорын басшысы.