“МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ӨЗ ҚАРҚЫНЫН БӘСЕҢДЕТКЕН ЕМЕС”
Қазір ауданда алға басқан салалардың тың серпін алуында жастардың қолтаңбасы анық байқалады. Себебі соңғы жылдары жалағаштық жастар игі шаралардың өңірде жүзеге асуына белсене араласып, аудан әлеуетін жұмыла көтеруде бірлікті ту етіп жүр. Иә, соңғы буынның қазіргі қадамы мемлекет болашағы үшін өз маңызын еш жоғалпайтыны сөзсіз. Себебі бабалардың үлкен ерлігімен келген тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы да осы буынның болашағымен тікелей байланысты. Ал аға буын тарапынан мұндай жауапкершілік жүктеліп отырғанын жалағаштық жастар жақсы біледі. Мереке қарсаңында жастардың Жалағаштың әлеуетін көтеруде нендей шараларды жүзеге асырып жатқанын білу үшін аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлымен сұхбаттасқан едік...
– Ерхан Бақбергенұлы, алдымен сізді және сіз басқарып отырған ұжымды халықаралық жастар күні мерекесімен құттықтаймын. Қазір Жалағашта алға басқан қай саланы алып қарасаңыз да оның өсіп-өркендеуінде жастардың үлесі басым екенін біз де байқаймыз. Жалпы мемлекет тарапынан және жергілікті әкімдік тарапынан жастарды қолдаудың қарқыны қалай?
– Біз соңғы жылдары аудан әлеуетін көтеруде, игі шараларды жүзеге асыруымызда қаншалықты оң нәтижелерге қол жеткізе алсақ, соның бәрі мемлекеттің, жергілікті әкімдік тарапынан көрсетілген үлкен қолдаудың жемісі деп білемін. Мемлекет үшін негізінен әрбір жастың болашағы маңызды. Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау болатыны да сондықтан. Жалағашта қазіргі таңда 14 пен 29 жас аралығында 8226 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 23,4 пайызын құрайды. Менің қазіргі жастарға риза болатыным, ауданда қайырымдылық немесе басқа игі шараларды жүзеге асыру көзделсе, оның басына жастар көп болып жұмылады. Биыл «Еріктілер жылы» болып жарияланды. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Жалағаш ауданы бойынша еріктілер жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Жыл басынан бері жалағаштық еріктілер қаншама отбасына қолғабыс етіп, өскелең ұрпаққа үлгі болатындай игі шараларды жүзеге асырды. Аудан жастарының осындай оң нәтижелерге қол жеткізуіне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау сеп болып отыр. Мәселен, биыл Жалағашта мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 12,02 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 3,368 млн теңге жастар арасында іс-шаралар ұйымдастыруға бағытталған.
– Жаңа өзіңіз жоғарыда айтып кеткен биылғы еріктілер жылына жалағаштық жастар қандай үлес қосуда?
– Биыл кент және ауылдық округтерде еріктілер қозғалысын дамыту бойынша «Nur Otan» партиясы мен жастар ресурстық орталығы арқылы жастар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, еріктілер топтары құрылды. Былтыр құрамында 120 адамы бар «Жалынды жас» еріктілер мектебінің қазіргі құрамы 300-ге жетті. Жыл басынан бері еріктілердің ұйымдастыруымен 75 шара өткізіліп, оған 3 мыңға жуық жас жұмылдырылды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі қайырымдылық шаралары аясында 270 мың теңгеге тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Сондай-ақ карантин режиміне байланысты іс-шараларды өткізу онлайн форматқа көшуіне орай әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тұрғындарды тазалық сақтауға, спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау секілді іс-шараларды онлайн форматта өткізу қолға алынды. Еріктілер жылына жалағаштық жастардың қосқан үлесі туралы айтар дүние көп. Елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты кеселдің алдын алуға да еркіті жастар үлкен үлес қосып жатыр. Мәселен, төтенше жағдай режимі кезінде әрбір елді мекенге кіре беріс жолдарға қойылған блок бекеттерде ақ халатты абзал жандар мен ішкі істер саласының қырағылары тәулік бойы тұрғындардың денсаулығына қалтқысыз қызмет етті. Осы еңбекті бағалаған жалағаштық жастар оларға бірнеше рет ыстық тамақ алып барып, жасап жатқан жұмыстарына алғыс білдірді. Қаншама тұрғынға тегін бетперде таратты. Көптеген отбасына қолғабыс етті. Халыққа дәл қазіргідей жағдайда қауіпсіздікті сақтауға арналған мемлекет бекіткен ортақ тәртіпке бей-жай қарамауды насихаттады. Қай уақытта да мемлекет артқан сенімге селкеу түсірмейтін, игі шаралардың қашанда қасынан табылатын жалағаштық жастармен мақтанамын.
– Кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жастар игілігін көріп жатыр ма?
– Бұл салада да жемісті еңбек етіп, өз ісін өрістетіп жатқан жастар көп. Бірі мал шаруашылығы бағытында ілкімді жобаны қолға алса, енді бірі кәсіптің басқа да түрлерін дамытуға қомақты үлес қосып жатыр. Осыған дейін ауданда мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, жарқын жобаларды қолға алған жастар қаншама. Бір сөзбен айтқанда, аудан жастары іс бастауға бейім. Мұның тиімді екі жағы бар. Бір жағынан кәсіп ашып, өз ісінің жемісін көрсе, келесі кезекте аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптастырады. Бұл тұрғыда жалағаштық жастар табанды еңбек етіп жатыр деп толық айта аламын. Жыл басынан бері қаншама жалағаштық мемлекет тағайындаған қайтарымсыз грантқа ие болды. Олардың ішінде де жастардың өз үлесі бар.
– Жастар арасында жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?
– Жастарды жұмыспен қамту бойынша да біршама жоба қолға алынды. Қазіргі таңда кент және ауылдық округтерде жүріп жатқан құрылысқа студент және жұмыссыз жүрген 202 жас жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта жүретін құрылыс жұмыстарына басқа да жастарды жұмылдыру жоспарда бар. Биыл халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 406 жас белсенді шаралардың нәтижесінде жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, 18 адамға өз кәсібін ашу үшін 77,3 млн теңге шағын несие берілсе, 32 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 555 мың теңгеден қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етілді. Ал 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алса, 143 адам жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасты. Мұнан бөлек 80 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 113 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
– Мемлекет тарапынан жастарды мейлінше жұмыспен қамтуға басқа қандай қолдаулар бар?
– «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №55-ө өкіміне сәйкес, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына басымдық берілген. Мұның жемісін бір ғана Жалағаш ауданына-ақ айқын аңғаруға болады. Мәселен, аудан бойынша іске асырылып жатқан 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 343 адам жұмысқа тартылса, оның 212-сін жастар құрайды. Яғни жол картасы аясында ауданда жүзеге асып жатқан жобалардағы жұмыскерлердің 61,8 пайызын жастар құрап отыр. Мұнан бөлек биылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, оған «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары қосылды. Тарқатып айтар болсақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған. Бұл ретте, жұмыс беруші қатысушыны кемінде жиырма төрт айға, яғни 2 жыл тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды. Ал «Ұрпақтар келісімі» жобасы жұмыс іздеп жүрген адамдарды зейнеткерлік жасқа жеткен мамандардың орнын басады. Бұл ретте жұмыс беруші қатысушыны кемінде он сегіз айға, яғни 1,5 жыл тұрақты жұмыспен қамтиды. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Түптеп келгенде бұл екі жоба да жастар үшін тиімді болып отыр.
– Ал жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары ауданда қалай болып жатыр?
– Жастарды тұрғын үймен қамтуға келсек, аудан бойынша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша былтыр тұрғын үй несиесіне 122 маман қол жеткізді. Ал биыл 299 азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде жас отбасылар саны 86-ны құрайды. Аталған қызмет бойынша бөлінетін категориялар ішінде «Жас отбасы» санаты бойынша жіктелмейді. Негізінен биыл 92 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарланған болатын. Оның ішінде білім беру саласында 40 маманға, денсаулық сақтау саласында 20 маманға, спорт саласында 15 маманға, ветеринария саласында 4 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 4 маманға, мәдениет саласында 9 маманға барлығы 365 млн 837 мың теңге қаржы үлестіру жоспарланған. Қазіргі таңда мамандардан құжаттар жинақталуда, алдағы ауқытта қаржы беріледі. Мұнан бөлек көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасы аясында 49 маманға 12 млн 930 мың теңге қаржы үлестіру межеленген. Оның ішінде білім саласы бойынша 22, денсаулық саласында 13, әлеуметтік салада 3, мәдениет саласы бойынша 4, спорт саласында 5, агроөнеркәсіп саласы бойынша 2 маманға көтерме жәрдемақы берілді. Тұрғын үй несиесі бойынша қазіргі таңда 37 маманның құжаттары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалына жіберіліп, кепіл шарт және несие шарт жасалып, жұмыс жүргізілуде.
– Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануда ауданда қандай шаралар жүзеге асуда?
– Қазір жастар уақытын бос өткізбеу керек. Қоғамға не өзіне және отбасына пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны абзал. Жалағаштық жастар бұл тұрғыда ілкімді дүниелерді жүзеге асырып жатыр деп толық айта аламын. Десе де біздің тарапымыздан да олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жарқын жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Жалағашта «BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ» жалпыұлттық жобасы аясында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» және «Жүректен жүрекке» жобалары жұмыс жасауда. Мұнан бөлек алдағы уақытта аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған облыстық «Еңбек», аудандық «Zhalagash life» жастар лагерлерін өткізу көзделуде.
– Спорт саласының алға басуында аудан жастарының үлесі қандай?
– Өзіне спортты серік еткен аудан жастары қазіргі таңда әлемдік, халықаралық, облыстық және аудандық сайыстарда топ жарып жүр. Есенгелді Сәпи, Жеңісбек Жақсыбек, Ханзада Арайлым, Махамбетқали Сымбат сынды іні-қарындастарымыз қазір Жалағаштың атын тек республикаға емес, әлемге танытып жатыр. Біз олармен мақтанамыз. Олардың ізін басып келе жатқан спортшылар да жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Ауданда да аталған саланы ілгерілету мақсатында түрлі сайыстар жиі ұйымдастырылды. Былтыр Жалағаш ауданы әкімінің кубогіне арналған шағын футболдан аудандық лига ойындары алғаш рет өткізіліп, аяқдоп шеберлері арасындағы тартысты бәсекеге 18 команда қатысты. Жеңімпаздар қаржылай және басқа да сыйлықтарға ие болды. Осындай шаралардың ауданда көптеп ұйымдастырылуының нәтижесінде қазір аталған сала Жалағашта қарқынды дамып келеді. Бұл да жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізері сөзсіз. Жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін де жарқын жобалар қолға алынуда.
– Былтыр жалағаштық жастардың алға қойған міндеті жыл аяғына дейін толық жүзеге асты деп айтуға болады. Ал биылғы мақсат қалай?
– Былтыр аудан жастарының белсенді араласуымен расында көптеген шара жүзеге асты. Биыл да алға қойған міндетіміз аз емес. Бірінші кезекте осы жылы жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту көзделген болатын. Бұл бағытта жыл басынан бері түрлі шара ерікті жастардың бастамасымен сәтті жүзеге асты. Алдағы уақытта мұндай шаралар әлі де жалғасын табады. Мұнан кейінгі алға қойған негізгі міндеттің бірі – аудан жастарының кәсіппен шұғылдануына жағдай жасау. Қазірдің өзінде қаншама жас шағын несиеге және қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп үлгерді. Алдағы уақытта олар да өз ісінің жемісін көретін болады. Мұнан кейін жастар арасында жұмыссыздықты әлі де төмендету негізгі мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Жаңа бұл бағытта жыл басынан бері нендей шаралардың қолға алынғанын айтып өттім. Әлі де жастар арасында жұмыссыздықты болдырмауға барынша жұмыс жасауға тырысамыз. Бастысы, мемлекет тарапынан жастарды қолдау өз қарқынын бәсеңдеткен емес. Қашан да жастар мемлекет артқан сенім үдесінен шығып, игі шараларды ұйымдастыруда табандылық таныта береді.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ