6 КӨШЕ ЖӨНДЕЛМЕК
Өңірдің дамуы көш соңында емес. Қай салада болсын мүмкіндігіне қарай ілгерілеушілік байқалады. Әсіресе аудандағы жол жайы көңіл қуантарлықтай. Халықтың көкейінде жүрген мәселелер ескеріліп, автомобиль жолдары, елді мекенаралық жолдар жөндеуден өтуде. Кезең кезеңімен жүзеге асып жатқан бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда.
Бұған дейінгі жұмыстың нәтижесінде Бұқарбай батыр, Абай және Нысанбай жырау көшелерінің сапасы сын көтерердей жағдайға жетті. Сондай-ақ «Самара-Шымкент-Есет батыр-Жаңадария» бағытындағы автомобиль жолының 8 шақырымы жөнделді. Әсіресе осы бағыттағы жолдың басым бөлігінің жөндеуден өткені, елді мекен тұрғындарына қуаныш сыйлады. Сонау Еңбек, Есет батыр, Жаңадария ауылдарынан күн сайын қатынайтын қоғамдық көліктердің жүрісі біршама жеңілдеді. Ал биыл Жалағаш кентіндегі Сопбеков, Амангелді, Бисенов, Сәрке батыр, Әйтеке би, Қазыбек би көшелері жөнделеді. Бұл көшелердің кейбірін жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Сонымен бірге жұмыстар қатарында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына да орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу де бар. Айталық, Қаракеткен ауылына кіреберіс жолдың 2,575, Таң ауылына кіреберіс жолдың 3,3, «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолын орташа жөндеу, яғни Еңбек- Есет батыр ауылдары аралығы 8-20,3 аралығының 12,3, «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолын орташа жөндеу, яғни 6-шы посттан Мырзабай ахун мешітіне дейін 9,4 шақырымы жөнделеді.
Кенттің өзінде осы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 6 көшені жөндеу көзделуде. Олар Б.Сопбеков, А.Иманов, А.Бисенов, Сәрке батыр, Әйтеке би, Қазыбек би көшелері. Бұл жұмыстарға жауапты мердігер арқылы 161 адам, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 161 адам, барлығы 322 адам жұмыспен қамтылмақ.
Жөндеу жұмысының жайын бағамдап көрген аудан әкімі Асылбек Шәменов Жалағаш кентіндегі Әйтеке би көшесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, кент әкімі Ғалымжан Телібаевқа жолдың сапасын бақылауға алуды тапсырды.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ