Ұлт Көшбасшысы
Әрбір адам баласы үшін өз туған жері мен туған елінен, атамекенінен ыстық, сүйікті, қасиетті, киелі ешнәрсе болмайтыны анық. Туған елін, жерін сүю – жер бетіндегі барлық адамға парыз. Елін сүйе білген адам ғана халқына қадірлі, абыройлы болады.
Тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ. Бірақ кез келген тәуелсіз елдің көш бастар көшбасшысы болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан – өмір заңы. Тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған, көш бастаған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Өйткені басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын екені белгілі.
Тәуелсіздікке қол жеткізуде, халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Ол кісінің көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде мемлекетіміз талай қиындықты бастан өткерді. Бірақ Қазақстанның дамуы мен гүлденуі жолында қыруар еңбек атқарған Ұлт Көшбасшысының еңбегін бүкілхалықтық деңгейде бағалау соңғы жылдары анық байқалады. Себебі көшбасшы болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Тәуелсіздікке енді қол жеткізген мемлекеттің шекарасын бекітіп, ата заңын қалыптастыру да қаншама маңдай терді, көрегендікті, іскерлікті талап ететін іс. Осындай
Қазіргі қоғам адам бойынан жоғары білімді, жан-жақты, ізденімпаздықты талап етеді. Осы тұрғыда Елбасымыз көпке үлгі. Елін сүйген, елі сүйген Елбасын сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар тұлға, мемлекет қайраткері деп айтар едім. Алыптың қуатын халықтан, халықтың қуатын бірліктен көретін еліміз үшін Елбасының адал еңбегін бағалау, ерекше атап өту маңызды. Елбасының орасан зор еңбегі біржақты тұрғыдан ғана бағаланып қоймайды. Халық даналығындағы: «Ханда қырық кісінің ақылы болады» деген сөз текке айтылмаса керек. Елінің дамуы, тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықтарды өткеріп келе жатқан Елбасының еңбегін халқы аса жоғары бағалайды. Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл орайда жаңылған жоқ. Халық сайлаған Тұңғыш Президентіне сол күнді мәңгі есте қалдыру, ел үшін еткен еңбегіне құрмет ретінде желтоқсанның алғашқы күнін мереке ретінде белгіленді.
Қазіргі заман – білім мен ғылымның заманы. Еліміздің келешегі жастар болғандықтан, болашақта жастарды үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Ендеше, Елбасының үмітін ақтап, жолын жалғастыратын көшбасшы шәкірттеріміз көп болсын! Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын!
Г.А.Таркешева,
Қызылорда қаласы,
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі