» » Үміткерлер жұмыссыздардың мәселесін тыңдады

Үміткерлер жұмыссыздардың мәселесін тыңдады

«Nur Otan» партиясының Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Еркін Базарбай, Гүлжайна Айтжанова, Нарбота Серәлі, Ұлжахан Тәжібаевалар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудан орталығындағы жұмыссыздармен кездесті.
Келелі кездесу барысында басқосуға қатысушылар жұмыссыздық, жол, газ, жарық мәселелерін көтерді. Аталмыш мәселеге байланысты өз жоспарларымен бөліскен үміткерлер жетекші партия тарапынан халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы елдің  әлеуетін көтеруге жұмыс жасайтынын жеткізді. Ол үшін «Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен 11 өңдеуші кәсіпорындар ашуды межелеп отыр. Атап айтқанда үстіміздегі жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын ашуға, «БИС Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосуға, келер жылы  асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу, шөп түйіршіктерін өндіру, жүннен көрпе жасау цехын, картоннан қағаз өнімдерін шығаруға, жеке медициналық орталық ашуға,  асфальт бетон зауытын іске қосуға, жарық шамдарын шығаратын цех, комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу, жиһаз өндіру, сүт өнімдерін өндіру цехын ашуға қолдау көрсетсе, 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын (қуаттылығы тәулігіне 5 мың кірпіш), 2025 жылы құс етін өндіру және бақша дақылдарын өндеу цехын ашуға ықпал етеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі қара мал басын 34800 басқа дейін көбейту арқылы мал шаруашылығын дамытуға жәрдемдесуге, үстіміздегі  жылы Таң ауылдық округінде сүт фермасын ашуға, 2022 жылы Қаракеткен, Ақсу ауылдық округінде мал бордақылау алаңын салуға, 2021-2022 жылдары Мәдениет, Аламесек, Аққұм, Жаңаталап, Таң ауылдық округтерінде жылыжай кешенін салуға, асыл тұқымды малдың үлес салмағын 2%-ға жеткізуге, Таң, Мақпалкөл елді мекендерінде тамшылатып суару арқылы 8,5 гектарға егілген алма бағынан өнім алуға, 2021 жылы аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашуға ықпал ететін болады. Өмір сүру сапасын арттыруда мемлекет отбасының тұрғын үйге қолжетімділігін қолдайды. Ауданда жеке тұрғын үй кезегінде 285 адам, жер учаскесі кезегінде 2200 адам тұр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы биылғы жылдан бастап Жалағаш кентінде жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй  және 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуға, жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салуға, Жалағаш кентіндегі 5 көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөңдеу жүргізуге, биылғы жылдан бастап ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды ұйымдастыруға, келер жылы Жалағаш кентінің «Ақтерек» учаскесінде көлемі 170 га жерге тұрғын үй салу үшін инфрақұрылым жүргізуге, ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында аяқсу мәселелерін толығымен шешуге, 2025 жылдан бастап Жалағаш кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сұрыптау желілерімен қоса салуға ықпал етеді.
Осы шаралар нәтижесінде кезекте тұрған санаттағы 30 отбасы тұрғын үймен және тұрғын үй салу үшін жер учаскесі кезегінде тұрған 800 отбасы жер телімімен қамтамасыз етіледі.
Біздің бағдарламамыз Жалағаш ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынамыз. Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялармен алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз» - деді үміткер Еркін Базарбайұлы.
Үміткелер барша сайлаушыларды ағымдағы жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауға бір кісідей қатысып, 20 жылдан астам тарихы бар, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

                                                                                                             «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
                                                                                                                                            Сайлау қорының қаражатынан төленді
05 қаңтар 2021 ж. 582 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930