» » Кент тұрғындарымен кездесті

Кент тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы қоғамдық ойды қозғаушы күш ретінде өз миссиясын үздіксіз орындап, елдің жүрегіне жол тауып келеді. Болашақта да осы жолда табанды жұмыстар атқаруға бар күшін салып отыр.  Осы бағытта саяси додада өздерінің бақтарын сынау үшін халық қалаулысына үміткерлер Еркін Базарбай, Гүлжайна Айтжанова, Нарбота Серәлі, Ұлжахан Тәжібаева «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» тақырыбындағы сайлауалды бағдарламаны насихаттау мақсатында Жалағаш кенті тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар халықты орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, барлық әлеуметтік нысанға газбен жылыту қондырғысын орнату жөнінде сауалдар тастады.  Депутаттыққа үміткерлер аудан халқының 48 пайызы, яғни 22859 адам табиғи газ тұтыну мүмкіндігін алатынын,  алдағы бес жылға арналған өз жоспарда ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттауға күш салатынын жеткізді. Осы жылы Жалағаш кентінде стритбол алаңын,  жабық бассейн, 2022 жылы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салуға, 2021-2025 жылдары ауылдық елді мекендердегі 31 спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге, жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал жасайтынын айтты. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы 14 ауылдық округте көше жарығын орнатуға жәрдем беретінін де тілге тиек қылды.
Кездесу соңында үміткерлер қатысушыларды 10 қаңтарда болатын сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді

05 қаңтар 2021 ж. 251 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031