» » Үміткерлер балабақша қызметкерлерімен кездесті

Үміткерлер балабақша қызметкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлзат  Құрманбаева, Талғат Садықов, Қайрат Досымов, Еркін Базарбай, Дархан Ильясовтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аудан орталығындағы мектепке дейінгі балабақша  қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуда тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалып, жетекші партиямыз халықпен бірге болғандығы айтылды. Азғана уақыт ішінде көптеген тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылғаны елдегі өміршең бағдарламалардың нәтижесі.  Ал ол жұмыстар бас партияның игілікті ісінің жемісі деді үміткерлер.

Үміткерлер білім саласына қатысты бағдарламада жүзеге асуға тиісті жұмыстарды сайлаушыларға рет-ретімен таныстырды. Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізу аумақтың әрі қарай дамуының маңызды шарты екені айтылды. Сапалы білімге қол жеткізу үшін «Nur Otan» партиясы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 85,7 пайыз қамтуға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге, 2021-2025 жылдар аралығында Жалағаш кенті және Таң, Бұқарбай батыр, Есет батыр елді мекендеріндегі орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге, 2023-2024 жылдары Жалағаш кентінде және Мақпалкөл ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге, көп балалы отбасыларға қашықтықтан оқытуға жағдай жасап, керек құрылғылармен қамтамасыз етуге көмек беретінін жеткізді. Келелі кездесу барысында қатысушылардың  сауалдарына үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар беріліп, алдағы саяси додада жетекші партияны қолдап, бір кісідей дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді

05 қаңтар 2021 ж. 261 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031