Сайлаушылармен ашық диалог өтті
«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлзат Құрманбаева, Талғат Садықов, Қайрат Досымов, Еркін Базарбай, Дархан Ильясовтар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп насихаттау мақсатында аудан орталығындағы ғылыми-шығармашылық интеллигенция, жастар, әлеуметтік желі белсенділері, азаматтық сектор, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында үміткерлер бағдарламада көзделген нақты істерге рет-ретімен тоқталып, жағымды жаңалықтармен бөлісті. Атап айтар болсақ, мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен 11 өңдеуші кәсіпорындар ашуға ықпал жасайтыны көпшіліктің назарына ұсынылды.
Жетекші партияға үміткерлер үстіміздегі жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын ашуға, «БИС Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосуға, келер жылы асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу, шөп түйіршіктерін өндіру, жүннен көрпе жасау цехын, картоннан қағаз өнімдерін шығаруға, жеке медициналық орталық ашуға, асфальт бетон зауытын іске қосуға, жарық шамдарын шығаратын цех, комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу, жиһаз өндіру, сүт өнімдерін өндіру цехын ашуға қолдау көрсетсе, 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын (қуаттылығы тәулігіне 5 мың кірпіш), 2025 жылы құс етін өндіру және бақша дақылдарын өндеу цехын ашуға ықпал етеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру үшін елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешіп, жалпы ұзындығы 74,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ықпал жасайтын болады. Тұрғын үйге қолжетімділікті қолдайтын партия 2022 жылы Жалағаш кентінің «Ақтерек» учаскесінде көлемі 170 га жерге тұрғын үй салу үшін инфрақұрылым жүргізуге, 2021 жылдан бастап Жалағаш кентінде жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй құрылысын және 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуға жұмыстар жасайтын болады.
Келелі кездесу барысында үміткерлер барша қатысушыларды ағымдағы жылдың 10 қаңтарында болатын партиялар арасындағы аламанда бір кісідей «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді