АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫН АЛДЫ
Халық даналығында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы өз бағдарламасында бірнеше жобаларды ұсынған. Мәселен, қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады. Сонымен қатар әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайту, жақсарту мақсатында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» ашылатындығы жоспарланған. Бұл мәселелер қай уақытта болмасын өзектілігін жоғалтпайды. Кез келген қарт қарияларымыз құрмет пен мейірімге лайық. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айтжанова Гүлжайна, Тәжібаева Ұлжахан, Тәттібаев Жанболат, Ильясов Дархандар «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап Аққыр ауылдық округінде тұрғындардың шаңырағында «КАНВАССИНГ» кездесу өткізді. «Жаңбыр менен жер көгерер, бата менен ел көгерер деп» – ата-бабамыз бекер айтпаған, ауылға белгі тұлға, зейнеткер Нуриева Зылиха мен денсаулық саласының ардагері, қазіргі таңда бейнеттің зейнеттін көріп отқан Мәліков Дәулетбек атамыздың отының басында болып ақ батасын алып, ардагерлер тарапынан оң бағасын алды. Келелі кездесу барасында үміткерлер ақ жаулықты апамыз бен асқар таудай атамыздың еңбек жолдарымен танысып, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауға белсенділікпен қатысып, 20 жылдан аса тарихы бар, халықпен тығыз қарым-қатынас жасап жүрген осы ұстанымды берік қалыптастырған «Nur Otan» партиясымен бірге айқын мақсаттарға бірге жетуге үгіттеді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді