» » «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!»

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!»

«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айтжанова Гүлжайна, Тәжібаева Ұлжахан, Тәттібаев Жанболат, Ильясов Дархандар «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында  Аққыр ауылдық округі тұғындарымен кездесті.

Келелі кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы 5 жыл бедерінде атқарылатын тындырымды істермен таныстырды. Қатысушылар тарапынан көтерілген жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауданымыздағы кәсіпорындарды алға тартып, жас кәсіпкерлерді дамыту, жол, жарық жайындағы сауалдарын жолдады.
«Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен 11 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал жасаймыз және бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді» – деді үміткер Г.Айтжанова.
Бұдан бөлек жиын барысында үміткер Ұ.Тәжібаева басты мақсаттардан хабардар етті. Ол өз сөзінде «Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқытуға, кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер, кепілдіктер, лизинг пен гранттар ұсынуға ықпал етеміз. Бұл шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 95,0 пайызға жеткіземіз. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2260 болады» деген тұжырымды пікірін айтты.
2025 жылға аудандық маңызы бар Жаңаталап-Аққыр елді мекендері аралығындағы 12 шақырым жолды орташа жөндеуге, 2025 жылға дейін елді мекендерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Үміткерлер ауданға қарасты өзекті мәселелерді қозғай отырып алдағы уақытта тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Атап айтар болсақ, тұрғындардың тұрғын үйге қолжетімділігін қолдайды. Ауданда жеке тұрғын үй кезегінде 285 адам, жер учаскесі кезегінде 2200 адам тұр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылдан бастап Жалағаш кентінде жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй құрылысын және 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуға, жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салуға, 2022 жылы Жалағаш кентінің «Ақтерек» учаскесінде көлемі 170 га жерге тұрғын үй салу үшін инфрақұрылым жүргізуге ықпал ететін болады. Осы шаралар нәтижесінде кезекте тұрған санаттағы 30 отбасы тұрғын үймен және тұрғын үй салу үшін жер учаскесі кезегінде тұрған 800 отбасы жер телімімен қамтамасыз етіледі.
Басқосуда үміткерлер осы жылдың 10 қаңтарында болатын сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

                                                                                                                 «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
                                                                                                                                                 Сайлау қорының қаражатынан төленді
08 қаңтар 2021 ж. 647 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930