» » Кемел келешекке қадам басамыз десек…

Кемел келешекке қадам басамыз десек…

Сыбайлас жемқорлық кез келген ортаның даму үдерісіне кері әсерін тигізерін сіз бен біз жақсы білеміз. Сондықтан мәдениетті, өркениетті, үлкен салтанат құрған мемлекет қалыптастыру үшін алдымен осы қоғам дертіне қарсы тұруымыз керек.

Сонау Кеңес кезеңінен алып қарасаңыз, күйреуші елдер экономикасының күрт төмендеуіне басты себеп осы сыбайлас жемқорлық болғанын тағы аңғарамыз. Қазір де солай десек, артық айтқандық болмас.

БАҚ құралдарында сыбайлас жемқорлықтың салдары хақында ақпараттардың жиі жариялануын өз басым дұрыс деп есептеймін. Себебі біз оған қарсы күресті және оған төтеп беретін жас буын қалыптастыруды бүгіннен бастауымыз керек. Мемлекет болашағын жастармен байланыстырады. Сонау ХХ ғасырдың басында Мағжан Жұмабаев сенім артқан әрбір жас оған лайықты төтеп бере алуы керек. Сонда ғана алдыңғы буын артқа сенім үдесінен шығып, Мәңгілік Ел болуға деген мақсаттың жүзеге асары анық.

Қазақта “Табиғат экологиясынан адам экологиясы қауіпті” деген мағыналы сөз бар. Ал сол “Адам экологиясының қалыптасуына не себеп?” деген сауалға бір сәт жауап іздеп көрдіңіз бе? Бұл сауалдың түйінін тарқату үшін сіз оған басты факторларды тізбелей бергенде алдымен сыбайлас жемқорлыққа аялдарыңыз анық. Неге десеңіз, адам экологияға ұшырар кезде бірінші осы қоғам дертіне шалдығады. Оның соңы неге алып барарын біле беріңіз.

Жалпы сыбайлас жемқорлықтың зияны хақында тарқатар болсақ, айтатын дүние көп. Біріншіден оның зардабын тек пара алушы мен пара беруші ғана көрмейді. Сол себепкер болған қос тұлға һәм оның ортасы соның қиыншылығын тартады. Ол аз десеңіз, мұның соңы мемлекеттің құлдырауына алып келеді. Сондықтан кемел келешекке қадам басуды мақсат еткен әрбір отандас сыбайлас жемқорлықтан өзін ада ұстағаны абзал. Сонда ғана біз кез келген қиыншылыққа төтеп берер мемлекетке айналарымыз хақ.

Дастан БАХТИЯРОВ,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары    
15 сәуір 2021 ж. 683 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930