Әдеп кодексі – Әдептілік негізі
Мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылып, бірқатар жүйелі жұмыстар қолға алынды.
Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң, халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан, олардың бойында коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор деп айтсақ болады.
Мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс.
Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi.
Г.ҚАСЫМОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.