ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ
Ауыл әкімін сайлау науқаны кешкі сағат 20:00-де қорытындыланады. Ауылда әлі де шешімін таппаған мәселелер болғандықтан бұл науқанда өз таңдауымызды жасауда ойлана отырып шешім қабылдағанымыз абзал.
Ауылда қазіргі таңда мәдениет үйінің жоқтығы анық байқалады. Бұл ауылда өнерден кенде болған емес. Жастардың бойындағы талантты шыңдауда мәдени ошақтың қажеттігі туындайды. Кешегі үш үміткер де бұл мәселені шешуді өздерінің сайлауалды бағдарламасында қамтыған.
Мұнан басқа да мәселелер жоқ емес. Кешеге дейін табанды еңбек еткен ауыл әкімінің жұмысын әлі де дамытатын кандидаттың жеңіске жеткенін қалаймын. Бұл сөзіме ауылға жаны ашитын кез келген тұрғын қосылады деп ойлаймын.
Науқаннан әрбір сайлаушы шет қалмау керек. Себебі бұл ауыл болашағы үшін маңызды шешім. Өз таңдауымызды таңдауда осындай жауапкершілік бойымыздан табылу керек. Кім басым дауысқа ие болса да халықтың қажетіне жұмыс жасаса дейміз.
Ақзада ШАРИПОВА,
«|Ару әжелер» ансамблінің жетекшісі