» » САЯСИ НАУҚАННАН ШЕТ ҚАЛМАУ КЕРЕК

САЯСИ НАУҚАННАН ШЕТ ҚАЛМАУ КЕРЕК


Ауданнан шалғай орналасса да, Аққыр ауылдық округіне соңғы жылдары көңіл бөлініп келеді. Елді мекендегі үш қабатты білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Ауыз су жүйесі жаңарып 24 сағат тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Десе де әлі де атқарылуы тиіс шаруалар жоқ емес. Алдағы уақытта жарқын істердің жалғасын табуға өз үлесін қосады деген үміткерге дауыс бердім.


Бұрынғы ауыл әкімінің жұмысын да жоққа шығаруға болмайды. Биыл да ол азамат үміткерлер қатарында. Жергілікті халықтың таңдауы кім сол әкім болары анық. Үшеуінің де сайлауалды бағдарламасымен таныстым. 4 жылда елді мекенді өркендету жолында мақсаттары жаман емес. Енді солар жүзеге асса дейміз.

Саяси науқанның аяқталуына да 7-8 сағат уақыт қалды. Елді мекеннің өркендегенін қалаған кез келген тұрғын бұл науқаннан құр қалмау керек. Мені әсіресе енді науқанға қатысуға мүмкіндік алған жастардың белсенділігі қызықтырды. Мәселен, ауылда 5 азамат биыл сайлауға қатысуға мүмкіндік алса, олардың төртеуі дауыс беріп үлгерген. Міне, осы белсенділік барлық буынның бойында болуы керек. Баршаңызды саяси науқаннан шет қалмауға шақырамын.

Шорабек ҚАЛДЫБЕКОВ
Аққыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
25 шілде 2021 ж. 1 765 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930