» » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаеваның модераторлығымен өткен жиынның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Алдымен аудан бойынша көрсетілген мем­лекеттік қызметтердің атқарылу барысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құ­рақбаев хабарлама жасады. Оның сөзінше, бұған дейін өңірде 6 319 қызмет көрсетілген. Ұсы­нылған электронды қызметтің үлесі 68,1 пайызды құрайды. Негізінен электрондық фор­мат­та көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бо­йынша биыл оның үлесін 60 пайызға жеткізу ме­желенген. Бұдан «Өзгерістер жолы: әр аза­мат­қа лайықты өмір» атты «Nur Otan» пар­тия­­сы­ның сайлауалды бағдарламасын іске асы­ру жөніндегі аудан бойынша жол картасындағы жоспардың орындалғанын аңғаруға болады.

Қоғамдық кеңесте аудан дамуының өзекті мәселелерін қарау және аудандық бюджетті қа­лыптастыруға жергілікті қоғамдастықтың на­зарын аудару мәселесі тыңдалды. Бұл жө­нінде аудандық мәслихат аппаратының бас­шысы Бо­та­гөз Қартбайқызы кеңінен тарқатты. Күн тәр­ті­біне қойылған мәселелер бойынша Ботагөз Қарт­байқызы аудандағы қоғамдық кеңес пен қо­ғамдастықтың атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.
Жыл басынан бері Жалағаш ауданының қо­ғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 11 отырыс өтіп, 30 мәселе қаралған. Биылдың өзін­де 32 рет қоғамдастық жиналысында ауыл бюджеттері талқыланған. Ал бюджеттің өз дә­ре­жесінде заңға сәйкес атқарылуы жөнінде кент, ауылдық округ әкімдерінің есебі аудандық мәс­лихаттың кезектен тыс 6-сессиясында қаралды.

Басқосуда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жө­нін­дегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасындағы №82, №83 тармақтарының орын­далуы үнемі назарда болатыны айтыл­ды. Кәсіпкерлердің бақылау-кассалық аппа­рат­тарды онлайн түрде пайдалануы туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының есебі тыңдалды. Бүгінгі күні ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілендіруді жетілдіруге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді. Қазіргі кезде аудан бойынша Онлайн БКМ тіркеу жұмысы бойынша, 2612 салық төлеушінің 1 669-ымен Онлайн БКМ алып тіркету жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы өз хабарламасында Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Анар Бекболатқызы айтып өтті.

Жалпы аудан бойынша Сайлауалды бағ­дар­ламаның Жол картасында көрсетілген «Кә­сіпкерлердің бақылау-кассалық аппараттарды онлайн түрде пайдалану» тармағы орындалды. Биылға көзделген меже – 60 пайыз. Алдағы уақытта оны 100 пайызға жеткізу жос­парда бар.
Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мем­лекеттік қызметтердің үлесін арттыру мәсе­лесі де қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның облыстық филиалы бойынша аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің жетекші маманы Айжамал Дауылбайқызы хабарлама жасады.

Жалпы мемлекеттік қызметтер тізілімінің саны – 690, оның ішінде 662 мемлекеттік корпорация арқылы, 645 электронды үкімет порталы, 26 қызмет беруші арқылы көрсетіледі. TeIeqranBot, EqovKzbot2 қосымшасы арқылы 24 мемлекеттік қызмет, еGov mobile қосымшасы арқылы 96 мемлекеттік қызмет, бір реттік смс-пароль арқылы 120-дан астам мемлекеттік қызмет, үшінші тұлғамен алынатын 21 қызмет түрі бар. Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша облыс әкімінің бекітуімен жасалған үш жақты желілік кесте бойынша мекемеге, елді мекендерге жұмыскерлер барып, электрондық қызметтерді алу бойынша халыққа оқыту жұмыстарын жүргізуде. Яғни осы уақытқа дейін 42 мекемеге, сонымен қатар әрбір бөлімге қызмет алуға келген тұтынушыға электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуды үйрету жұмыстары жүргізіліп отыр. Ол үшін бөлім өз жұмысын жүйелендіріп, жетілдіре түсуде, ал жоғары сапалы деңгейге көтеру үшін қажетті шаралардың бәрін жасау қажет. Бірлескен отырыс соңында жиынға қатысушылар тара­пынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, арнайы қаулылар қабылданды.

Ерлан СОЗАҚБАЙ



27 қыркүйек 2021 ж. 139 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930