«QAZAQSTAN DAUIRI» ГАЗЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ІС-САПАРМЕН БОЛДЫ

Алдымен экспидиция өкілдері аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменовпен кездесті. Келелі кездесу одан әрі аудандық маслихат депутаттары, аудандық партия филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бақтыбаев, жаңадан сайлан ауыл әкімдері және БАҚ өкілдерінің кездесуімен жалғасты. Аталмыш кездесуді аудандық маслихат депутаты, партия филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі А.Кенжебаев ашып жүргізіп отырды. Алғысөзді алған Ертай Айғалиұлы жыл сайын сайын барлық өңірлерде болып, өзекті мәселелердің шешімін табу бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Биылғы жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіре отырып, еліміздің облыстары мен аудандардың, ауылдардың тұрғындарымен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірдегі ауылшаруашылық, мәдениет пен өнер, спорт, денсаулық сақтау және т.б. салаларда жеткен жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында дәріптеуді, сонымен қатар өзекті мәселелерді анықтап, тиісті мекемелерге жеткізуді мақсат етіп отырғандығын айтты. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары да сөз алып, елдегі мәселелермен бөлісті.