» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қоғам байлығы-адам болғанда,адам байлығы –денсаулық дейміз.Сол үшін де өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз «ақ жаулық»пен«он саулықтан» бұрын денсаулықты дәріптеген.Олардың мұраты –тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағына негізделген қоғамда өмір сүруеді. Алайда ата-бабаның мұратын жүзеге асыратын кейбір жастар нашақордың соңынан еріп барады.Есірткіні әлбетте қызығушылықтан немесе жаңа әсер алу үшін қолданылады. Есірткіні ішінара «компания үшін» ,көпшілік ішінде «ақ қарға» болмау үшін татып көреді.Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан бөлінуге тырысады.

Өкінішке орай,бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкім де көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды.Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді. Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді. Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады.

Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады Жастарға қарап деннің саулықтың маңыздылығы соншалықты қадырсыз, төмен екені жаныңды ауыртады. Өзін-өзі орнықтыру, әуес көру,топқа үйірсектік, жанұядан кетіп қалу, еліктеуге ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасқан дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолдануына едәуір септігін тигізуде.Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет.Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалыны көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром, маниақалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады.

Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі сүреттейді. Жасөспірім ерекше әсерленгіш, мінез-құлқын өзгертуге ыңғайлы. Айналасындағылар мен қарым-қатынасы қиындау және қалыптан тыс әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы бірқалыпты емес, ата-аналарымен сөзге келу.Есірткемен таныс болу шегіп көруді ұсынатын құрбыларының тобында басталады. Бірінші жыл ішінде шегу кездейсоқ ретпен жүреді. Шегуші адам ішімдік ішеді,бірақ гашиштіөзі арнайы іздемейді, ал біреулер ұсынса тартынбайды.Шөпті біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады,жас өспірім одан аздап ләззат ала бастайды.Әбден қаныққан жасөспірім алғаш рет героиннің немесе апиынның қатарындағы есіткінің дәмін татып көреді. Мен өзімнің пікірімді өлең жолымен аяқтай отырып, достарымның алдағы уақытта есірткінің етегіне ермесе екен деп тілеймін.
Салауатты өмір сүрші ардағым,
Қателіктен тістелмесін бармағың.
Өсімдіктің оттегін тек ала біл,
Не қыласын зардабын?
Алла берген адамдықты жоғалтпа
Қиындықтар кездесседе мойыма
Ешқашанда есірткіге жоламай
Ата-баба сенімдерін орында
Уа, адамдар есірткіні ойламай
Денсаулықты әрқашанда ойлайық
Біз жеткіншек есірткіге қарсымыз
Салауатты өмір салтын қолдайық
#есірткігеқарсыбайқауы

№202 З. Жарқынбаев атындағы
орта мектеп оқушысы
Әлімбай Рахмет
26 қазан 2021 ж. 290 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930