СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ – БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Мемлекетті құлдырататын ең қатерлі факторлардың бірі ол – сыбайлас жемқорлық. Тәртіп қатайып, талап күшейіп, бақылау артқанымен мемлекет қазанынан халық қазынасына заңсыз қол сұғушылардың қатары азаяр емес. Жең ұшынан жалғасқан көз қысты, бармақ басты сыбайластар, соның ішінде мемлекеттік қызмет тізгінін ұстаған жоғары лауазым иелері өздерінің құзіреттерін асыра пайдаланып, пара алу барысында құрыққа ілініп, қылмыстық ісі анықталып, заңға сәйкес жазаға тартылып жатыр. Әйтсе де ол өзгелерге сабақ болмай тұр. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағдай мемлекеттік қызмет төңірегінде жиі қылаң беретін болды. Бір сөзбен айтқанда, қоғамды жайлап, іштен жегідей жеп келе жатқан бұл қауіпті "кеселдің" алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының аясында және негізгі қағидалары бойынша сонымен бірге қоғам белсенділері тарапынан да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Осы заң азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын – алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілетін адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бір ғана құқық қорғау мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қолынан келетін іс-шара емес, оған бүкіл халық ел болып ат салысуымыз керек.
Куляим КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы