» » ДЕРТ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕҢІЗ...

ДЕРТ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕҢІЗ...

Елімізде Дерт дендегелі ауданда да ахуал күрделенді. Екпенің зиянын айтып, «мен дәрігермін» деп ғаламторда түрлі кері пікір білдіргендердің кесірінен көпшілік вакцинадан бас тартып, өз қарсылықтарын білдіруде. Арасында оң пікір білдіргендер де бар, әрине. Олар осы екпеден кейін аллергиясының басылғанын, кейбірі аурудан жазылғанын айтып жатыр. Жасы егде кісілердің ішінде де оң пікір білдіргендер кездесіп қалады. Ал дәрігерлер «екпе алған науқастарда дерт асқынбай, өлім-жітім кездеспей жатыр» деп халықты оны уақытылы қабылдауға үндеуде.

Шынында ел екіұдай қарама-қайшы пікірден сергелдеңге түсуде. Тіпті «Тәжі­рибеден өтпеген вакцинаны біз арқылы сынақтан өткізіп жатыр» деп шулаған жұрттың дәрігерлерге де сенгісі жоқ. Осындайда бір жаман ой келеді адамға. Мүмкін бұл адам санасына ақпараттық шабуыл жасап, оны үреймен улау ма деген. Әйтпесе вакцинаны ғы­лыми негізде даярлап, қолданысқа енгізген ға­лымдар халыққа зиян жасамайтын шығар. Сон­дықтан қарапайым халықтың көзін ашу үшін ең бі­лікті деген маманның вакцинаға қатысты пікірі елді дүрліктірген дүрмекке тоқтау жасар деген ой­да­­мын. Осы орайда профилактикалық медицина ака­демиясының президенті, Америка денсаулық сақ­тау қауымдастығының мү­шесі Алмаз Шарманның вак­цинаға қарсы топтың уәждеріне жауабын тыңдасақ...

«Кейбір антиваксерлер вакци­налар­дағы қандай да бір зиянды химиялық заттардың болуына «алаңдау» қажет деген қауесетті таратуда. Олардан мұндай уәж есту қиын, өздері тек қана органикалық тамақ жеп, Тибеттің ауасымен демалып, Альпі суын ішіп жүрген жоқ. Әлемде 100 пайыз қауіпсіз ештеңе жоқ. Тіпті қарапайым нан глютенге қарсы көрсетілімі бар адамдарды ауыр жағдайға, кейде өлімге әкелуі мүмкін. Вакцинаға қарсы адамдар көп мөлшерде қабылдайтын биологиялық белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері болуы мүмкін. Сонымен қатар қазіргі вакцина өндірісі тазарту дәрежесі мен өндірістік қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтау бойынша жоғары деңгейде», – деп жазды дәрігер Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, вакцинаға наразы топтың тағы бір аргументі қазіргі вак­циналауды толық аяқталмаған вак­ци­налар экспериментіне қауіпті қатысу деп есептейді.

«Олай болса, 120 жыл бұрын шыққан аспириннің қанға әсері туралы клиникалық зерттеулер әлі де жүргізіліп келеді. Антиваксерлердің осы пікіріне сүйенсек, планетадағы миллиардтаған адам аспиринді сынауда «тәжірибелік қоян» болған. Қазіргі уақытта COVID-19 – алдын алуға болатын ауру. Вакцина 100 пайыз болмаса да, коронавирус инфекциясынан жақсы қорғайды және аурудың ауыр өтуі­нің алдын ала­ды. Әрине, вакцинаның өзі ковидті тудырмайды. Қазіргі уақытта әлемде 4 миллиард доза түрлі вакциналар салынды және вакцинадан туындаған коро­на­вирус инфекциясының бірде-бір жағ­дайы болған жоқ. Вакцина алғандар іс жү­зінде ковидтен қайтыс болмайды» дейді А.Шарман.

Сонымен бірге вакциналар репродуктивті бұ­зы­лулар мен жаңа туған нәрестелердегі дефор­ма­циялардың дамуына әкелмейді. Керісінше, ковидпен ауыратындарда бе­деулік, белсіздік, шала туу, сон­дай-ақ мидың, жүректің және басқа органдардың созылмалы бұзылуы, ақыл-ой қабілетінің төмендеу қаупі бар. Жеңілдеген карантиндік шаралар кезіндегі вакциналау процесі аса жұқпалы коронавирустың вакцинаға төзімді жаңа нұсқаларын қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі бұл – вирустың табиғи процесі.

Міне, маман пікірі осындай. Сондықтан құр байбалам мен дақпыртқа ермей, бұл кәсіптің өз маманы, яғни дәрігерге жүгінейік, жөні сол.

Өткен аптада ауданда ахуал көңіл көншітпеді. Жыл басынан бері кешегі аптаның бейсенбісіне дейін 113 азамат індет жұқтырса, бүгін науқастар саны 143-ке жеткен. Олардың 43-і симптомды болса, қалғаны симптомсыз екені белгілі болды. Ал үй карантинінде 114 адам бақылауда отыр. Жыл басында 20 төсек орынмен ашылған стационар ахуалдың күрделенгеніне бай­ланысты 40 төсек орынға ұлғайды. Қазір онда 15 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, бүгінге дейін Жалағашта 1680 адам ревакцина қабылдады. Ахуалдың мұн­дай күрделенген шағында маман кеңе­сіне де құлақ асқан абзал. Ал екпеге қа­тысты бейресми ақпараттарға құлақ асу жағдайды одан әрі күрделендіруге сеп бо­ла­рын түсінетін уақыт әлдеқашан жетті. Ойланайық...

Ж.Жазкен


25 қаңтар 2022 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930