» » “Сыр Дәміндегі” өнімге сұраныс жоғары

“Сыр Дәміндегі” өнімге сұраныс жоғары

Өз өңірімізден шағын болса да өндіріс ошағын көрсек, марқайып қаламыз. Әсіресе кәсіпорындар қатарының ауылдық елді мекендерде көптеп шоғырланғаны кімге болса да тиімді. Себебі ондағы халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуда бұл – таптырмас мүмкіндік. Бір жағынан ондағы жұмыссыздық мәселесінің алдын алуға да кәсіпкерлік саласының алға басуы үлкен сеп болары анық.

Соңғы жылдары Бұқарбай ба­тыр ауылының тұрғындары кә­сіп­керлік саласында бұған дейін қолға алынбаған жарқын жоба­лар­ды жүзеге асыруды дәстүрге ай­налдырып келеді. Естеріңізде болса, былтыр батыр атындағы ауылда пескоблоктың бірнеше түрін өндіретін серіктестік жұ­мы­сын ақпараттандырған болатын­быз. Кеше аудан іргесіндегі ауыл­ға сапарымызда кондитерлік өнім өндіретін жаңа цехтың қазіргі жұ­мысымен таныстық.

Кәсіпкерлік саласына серпін бе­ретін мемлекеттік бағдарла­маларды батыр атындағы ауыл­­­дың халқы тиімді пайдала­нып отыр. Бұл сөзімізге соңғы жыл­дары мемлекеттік бағдар­ла­ма­лар мүмкіндігімен іс бастаған бұқар­байлықтардың жарқын жобасы дәлел болары анық. Солардың бірі – ауыл тұрғыны Самұрат Шайхыслам.

Ол бұған дейін Алматы қала­сындағы кондитерлік өнімдер өн­ді­ретін алып цехта жұмыс жа­са­ған. Кәсіптің бұл түрінде үл­кен пайда барын жете түсінген жер­лесіміз кейін елге қайтып, са­лада бақ сынауға бел буады. Осылайша өзінің туған жері Бұ­қарбай батыр ауылында конди­терлік өнім өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлайды. Алайда ке­йіп­керімізге бұл жобаны жүзеге асы­руға қаржы тапшылығы ай­тар­лықтай қолбайлау болған. Мақ­­сатын жүзеге асыру үшін мем­­лекеттік бағдарлама көмегіне жү­гінгені де сондықтан.

“Бизнестің жол картасы – 2025” мем­лекеттік бағдарламасымен Са­­­мұ­­раттың бұл жобасы қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің “Кон­ди­терлік өнім өндіру” жобасын бір­а­уыздан қолдайтындай реті бар. Себебі оны автор үлкен ізденіспен жасаған. Тіпті ол үшін тәжірибе жинау мақсатында Түркия мем­лекетінде арнайы оқудан өткен. Осылайша кейіпкеріміз қайта­рым­сыз грантқа қол жеткізді.

– Бастапқыда менде “Ауылдық жерде өнімнің бұл түріне сұраныс қалай болады?” деген сауал туын­дады. Десе де тәуекелге бел буып, жұмысты бастап кеттім. Қазір соның жемісін көріп отыр­мын. Алғашында цехта өн­діріл­ген өнімді ауыл тұрғын­дары та­ла­сып алды. Кейін аудан және облыс орталығындағы ірі сауда орындарынан сұраныс түсе бас­тады. Қазір оларды да өз өні­мім­мен қамтамасыз етіп отыр­мын. Әзірге печеньенің 7-8 түрін шығарып жатырмын. Ал мерекелер қарсаңында кондитерлік өнімнің басқа да түрлерін өндіреміз. Се­бебі ол күндері сұраныс көп бо­лады. Кейде өзіміздің аудан орта­лығындағы сауда орындары ие­­­лерінде “ертең өз өнімімен бізді қам­тамасыз ете алмайды” деген бір­жақты көзқарас та қалыптасып жатады. Алайда менің толық мүм­­кіндігім бар, – дейді жас кәсіпкер.

Кәсіпорын жұмысымен та­ны­су барысында бұл сөзді кейіп­ке­­ріміздің жай ғана тұтынушы тар­ту мақсатында айтпағанына көз жеткіздік. Расында қандай кө­лем­де болсын тапсырысты қам­­тамасыз етуге шағын цехтың қау­һары жетеді. Себебі кә­сіп­орын заманауи үлгідегі кон­ди­тер­­лік өнімнің кез келген тү­рін өн­діруге арналған арнайы аппа­раттармен жарақталған. Оған Са­­мұрат Бектасұлы мемлекеттік бағ­дарлама шеңберінде алған 4 млн 900 мың теңге қайтарымсыз қа­ражат арқылы қол жеткізген.

Жас кәсіпкер қазіргі таңда 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта мұндағы өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс артса, кәсіпорын көкжиегін ке­ңей­ту де жоспарда бар екен. Цехта қазір өндіріліп жатқан печеньенің бағасы 1000-1500 теңгеден ас­пайды. Ал торттардың көлемі мен түріне қарай бағасы да әрқалай.

Былтыр желтоқсан айының ор­тасында жұмысын бастаған жо­баның болашағы жарқын. Се­бе­бі “Сыр Дәмінде” өндірілген өнімге уақыт өткен сайын сұраныс та артып келеді. Бастапқыда тап­сырыс беруші ірі сауда орын­дарының иелері кәсіпкерге “алып­сатар” деп күмәнмен қарапты. Ал біз кәсіпорынға барып, оның алып­сатар емес екеніне көз жеткіздік.

Ауданда негізінен бұрын қолға алын­баған жобаларды жүзеге асыр­­­­­­­ған жөн. Бәсеке де керек, алай­­­­да тың жобаларды қолға ал­ған адамның шаруасының ши­рауы­­на көп уақыт қажет емес. Бұ­­­ған батыр атындағы ауылдың хал­­­қы көз жеткізген.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ


23 сәуір 2022 ж. 474 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930