СҰРАНЫСҚА САЙ ӨНІМ ШЫҒАРАДЫ
Жалағашта соңғы жылдары кәсіпке бет бұрып, табысқа кенелуді көздеген жандардың қатары артып келеді. Бірі аталған саланы қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз ісін өрістетсе, енді бірі қолда бар қаражатымен кәсіп ашып, жұмысын жандандыруда. Аудан әлеуетін арттыру үшін бізге екеуі де тиімді. Себебі өңірде кәсіпкерлік жанданса, аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптасады, бір жағынан жұмыссыздық мәселесіне жол бермеуге де кәсіптік нысандардың артуы оң әсерін тигізері сөзсіз.
Бұрын ауданда аграрлық өңір болғандықтан көп адам тек мал шаруашылығы саласы бойынша кәсібін жандандыруды мақсат ететін. Жем-шөптен тапшылық көрмеуді көздеген олардың бұл бастамасы да жаман емес. Алайда өнімнің тек жалғыз түрін сатылымға шығаратын кәсіптік нысандардың бір өңірде көптеп шоғырлануы тауарды өткізуде айтарлықтай қиындық тудыратыны анық. Осыған орай қазір жалағаштықтардың да іс бастар алдындағы мақсаты да өзгерген. Яғни олар ауданда соңғы жылдары бұрын-соңды қолға алынбаған немесе саны аз кәсіптік бағытты таңдап, пайдаға кенелуді жоспарлап отыр. Іскер азаматтар бұл бір жағынан тауарды өткізуге де қолайлы екенін айтады. Осындай мақсатпен кәсіпке бет бұрған жандардың бірі – кент тұрғыны Дәуренбек Алтыбаев.
Осыдан он жыл бұрын өз ісін бастаған Дәуренбек Алтыбаев бүгінде жұмысының жемісін көріп отырғанын айтады. Бұрын елордадағы пластик есік-терезе өндіретін цехта жұмыс жасаған ол Сыр бойында өнімнің бұл түріне деген сұраныстың жоғары екенін байқайды. Осылайша туған жерге келіп, бұған дейін жалақысынан үнемдеп жинаған қаражатына қажетті құрал-жабдықтар алып, іске кіріседі.
– Бұрын Астана қаласындағы есік-терезе өндіретін цехта жұмыс жасайтын кезде тұтынушыларымыздың көбісі сырбойылықтар болатын. Осыдан-ақ Қызылордада пластик есік-терезеге деген сұраныстың жоғары екенін аңғардым. Туған жерім Жалағашқа келіп осы салада өнім өндіретін цех ашуды жоспарладым. Бастапқыда ертеңгі күні тапсырыс болмай жатса, кәсібім жүрмей бизнесім аяқсыз қалады-ау деп еш уайымдаған жоқпын. Себебі мен цех ашу үшін айтарлықтай қомақты қаражат жұмсамадым. Небәрі екі аппарат пен аз ғана шикізат алып, ісімді бастап кеттім. Кейін жұмысым жүріп, сұраныс артқан сайын өз ісімді өрістете бастадым. Қазір жаман емес, кәсібімнің арқасында үлкен пайдаға кенеліп жатырмын. Бастысы мемлекетке салмақ салмай өз-өзімді жұмыспен қамтып отырмын. Өнімнің бұл түріне әлі де сұраныс жоғары. Уақытпен санаспай барынша тұтынушы талабына сай өнім шығаруға күш салып жатырмын. Қазір нағыз құрылыстың қызып тұрған шағында тапсырыс саны да артып келеді. Тұтынушыларым да риза, мен де жеке табысыма қол жеткізіп жатырмын. Бұйыртса, тағы да қосалқы аппараттар алып, цехта өндірілетін өнім түрлерінің санын көбейту жоспарда бар, – дейді «Димаш» ЖК-ның басшысы.
Үй ауласының жанынан ашылған цехқа келіп жатқан тұтынушылар санының көбіне біз де көз жеткіздік. Бар-жоғы екеуара болған 20-25 минуттық диалог барысында 7 адам 16 терезе, 4 есікке тапсырыс беріп кетті. Іскер азамат бұл тауар түрін шикізат көзі келген бойда 5 күн ішінде дайындай алатынын айтып отыр. Қазіргі таңда «Димаш» ЖК-да өндірілген өнім түріне тек кент орталығынан ғана емес, ауылдық округтерден, және көршілес Қармақшы, Сырдария аудандарынан да тапсырыс түсуде.
Салада 15 жылдық тәжірибесі бар ісмер азамат көбіне тұтынушылар түркиялық тауар түрін таңдағандықтан шикізат көзін де сол жақтан тапсырыспен аллдырады. Ал пластик есік-терезелердің әйнектері Ресейден келеді екен. Қазіргі таңда кәсіпкер тұтынушы талабына сай есік-терезелердің шаршы метріне 18 мың теңгеден тапсырыс алуда. Мұндағы тауралардың бағасындағы сәл қымбатшылықты Дәуренбек Алтыбаев мұнда жеткізілетін шикізат көзімен байланыстырады.
– Рас, соңғы жылдары пластик есік-терезелердің бағасы сәл қымбаттады. Мұның бәрі келетін шикізат бағасымен байланысты. Себебі олардың бағасында да өсім қалыптасып отыр. Сондықтан біз де өндірген өніміміздің бағасына өзгеріс енгіземіз. Егер келетін шикізат көзі арзандаса біз де есік-терезелердің бағасын түсіруге тырысамыз. Әзірге оған мүмкіндік болмай отыр. Кейбір тұтынушылардың жағдайына қарап, қалтасы көтерген бағаға да жасап берген күніміз болды. Алып кәсіпорынның иесі емеспін, бірақ шама-шарқымша ауданда өтіп жатқан қайырымдылық шараларынан құр қалмаймын. Себебі мен осыған дейін қандай жетістікке жетсем, соның бәрін жасаған жақсылығыммен байланыстырамын, – дейді Дәуренбек Алтыбаев.
Кәсіпкер жыл сайын мұндай шараларға атсалысуды дәстүрге айналдырған. Мәселен, еліміздегі бас партиясының аудандық филиалына барып, жағдайы төмен отбасылардың тізімін сұрап, соларға өзінің өнімін тегін ұсынады. Жыл сайын Д.Алтыбаев үш жағдайы төмен отбасына көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Егер құрылыс жүргізіп жатқан аталған санаттағы отбасылар саны мұнан да көп болса, тек шикізаттың бағасына ғана ақы алып, өз еңбегін пұлдамайды.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ