» » Нақты тапсырмалар берілді

Нақты тапсырмалар берілді

Ауданның биыл 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімдерін өндіру 3,1 есеге артып, 3 670,0 млн теңгенің өнімі өндірілген. Ал өнеркәсіптің өңдеуші секторы 3,7 есеге орындалып, 3 194,0 млн теңгенің өнімдері өндіріліпті. Сондай-ақ электрмен жабдықтау 84,4 пайызды құраған. Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова осылай деді.

Үш мәселе қаралған басқосуда баян­дамашы барлық көрсеткіштің 2022 жылы орындалуына жан-жақты талдау жұмыс­тары жүргізілгенін айтады. Ал аудан бюд­жетінің нақтыланған жалпы түсімдер болжамы 2 728,7 млн теңгені құраса, оның орындалуы 99,6 пайызға жеткен.

– Жалағаш ауданы бойынша мем­лекеттік кірістер басқармасының жергілікті кірістердің жылдық орындалуына талдау жасап, қорытындысымен жылдық бол­­жамның 183,3 млн теңгеге орын­дал­­майтыны туралы аудан әкімдігіне ар­найы хат жолдады. Оның ішінде заңды тұлға­лардың мүлік салығынан 117,8 млн теңгеге орындалмайтыны бел­гіленген. Өткен жыл­­­­дың шілде айында Жалағаш кент­іші­лік газбен жабдықтау желілерін салу құ­рылыс жобасы аяқ­талып, тұрғындарға пайдалануға бе­рілді. Облыстық энер­гетика және тұрғын үй коммуналдық-ша­руашылық бас­қар­масы Жалағаш кентішілік газбен жабдықтау желілерінің меншік құқығын құжаттандыру жұмыстарын аяқтап, «Қы­зыл­орда газ тарату жүйесі» кәсіпорнына өткізу жұмыстарын жүргізуге шаралар қабылдауда. Осы жұ­мыстардың нәти­жесінде кентішілік газбен жабдықтау желісі кәсіпорынның теңгеріміне түгелдей алынған уақытта заңды тұлғаның мүлік салығын жергілікті кірістерге түсіруге мүмкіндік бар, – дейді Жұпар Хамитқызы.

Бөлім басшысы шаруашылықтар мен кәсіпкерлердің тарапынан салынған құры­лыс жобаларына түгендеу жұмыстарын жүргізу арқылы мүлік салығын түсіру бағы­тындағы жұмыстарды ұйымдастыруға бо­­­латынын айтады. Сондай-ақ ол мал шаруашылығы саласында уақ мал басы 3 625 басқа кемігенін қазіргі таңда тұрғын­дардың уақ малдың орнына жылқы, түйе малдарын өсіруге деген ынтасымен байланыстырады. Осы ретте Жұпар Бай­маханова 1-15 шілде аралығында биыл алынған төл есебі нақтыланып, есеп­тілікке енгізу жұмыстарын кент, ауылдық округ әкімдері бақылауға алып, сапалы ұйымдастыру қажет екенін жеткізді.

Иә, кәсіпкерлік саласы ауда­ны­мыздың әлеуметтік-экономикалық да­муының негізгі көрсеткіші екені сөзсіз. Сондықтан бұл күн тәртібініен түскен емес, түспейді де. Бүгінгі мәжілісте қаралған екінші мәселе де осы болды.

Салаға жауапты бөлім басшысы Ғабит Ерболұлының сөзінше, оң дина­ми­калық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кәсіпкерлік саласының дамуына аса мән беріп, тиісті салықтық және ста­тис­тикалық есептіліктерді уақы­тылы тап­сыру қажет. Жалағашта тір­келген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2484 бірлікті құраса, оның 92,2 пайызы нақты жұмыс жасап тұр екен. Ал тоқтап тұр­ған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 193. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырсақ, жалпы тіркелген кәсіп­керлік субъектілерінің саны 70 бірлікке, жұмыс жасап тұрғандар саны 65 бірлікке азайыпты.

Баяндамашы кейбір елді мекендерде салада оң нәтиже қалыптасқанын ай­тады. Сондай-ақ ол бірқатар елді ме­кенде кемшіліктің бар екенін де жасыр­мады. Мәселен, тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша Ақсу ауылында 3, Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша 1 кә­сіп­керге көбейсе, ал Аққыр ауылы бойынша жыл басынан бері ешқандай өз­геріс болмаған. Жалағаш кенті және 11 ауыл­дық округте тіркелген және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны төмендеген.

– Бұл өз кезегінде ауданның кәсіп­керлік саласының белсенділігіне кері әсерін тигізуде. Ақпан айында 2022 жылы аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылатын жұ­мыс­­тардың іс-шаралар жоспары бе­кітіліп, кент және ауылдық округтердің халық санына сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін орындалуы қажет арнайы жоспар берілді. Іс-шаралар жоспарының 1 тар­мағына сәйкес барлық тіркелген кәсіп­керлік субъектілерінің халық санына шақ­қандағы үлесін 7 пайызға жеткізу туралы тапсырма берілген болатын. Бүгінгі күнге дейін аталған көрсеткіш Жалағаш кенті және Ақсу, Бұқарбай батыр, Жаңадария, Таң ауылдық округтерінде орындалса, қалған ауылдық округтер бойынша жаңа кәсіпкерлік субъек­тілерін тіркеу арқылы халық са­нына шаққандағы үлесін арттыру қажет. Іс-шаралар жоспарының 2 тармағына сәйкес жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 95 пайызға жет­кізу туралы тапсырма да берілген бо­латын. Бүгінге дейін аталған көрсеткіш Аққұм, Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл, Мырзабай ахун, Таң және М.Шаменов ауылдық округтерінде 95 пайыз­дан жоғары орындалып отыр. Ал Жалағаш кенті және Ақсу, Аламесек, Бұқарбай батыр, Еңбек, Жаңадария, Қаракеткен, Мәдениет ауылдық округтері бойынша тоқтап тұрған кәсіпкерлік су­бъек­тілерінің санын азайту арқылы жұ­мыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъек­ті­лерінің үлесін арттыру қажет. Мұнан бөлек іс-шаралар жоспарының 3 тар­мағына сәйкес жыл аяғына дейін жаңадан 450 кәсіпкерлік субъектісінің тіркелуін қам­­тамасыз ету керек, – дейді бөлім басшысы.

Биыл 3 айда мемлекеттік кірістер бас­­­қармасының мәліметіне сүйенсек, ау­дан бойынша 121 кәсіпкерлік субъек­тісі тіркеліпті. Алайда 160 кәсіпкер жұмысын тоқтатқан. Яғни ашылғаннан жа­был­ғандар саны басым. Демек, үш айда шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінде еш­қан­­дай өсім жоқ. Осы ретте ау­дан басшысы баяндамашыға салада сер­пін қалыптастыруға мей­лінше жұмыс жасау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ бұл жауап­кершілік елді мекен әкімдеріне де жүктеледі.

Мәжілісте көктемгі егін егу жұмыс­тарының орындалу барысы да баян­далды. Аудандық ауыл шаруа­шы­лығы бөлімінің басшысы Марат Қал­ниязов биыл Жалағашта 35 636 гектарға егiс егу жос­пар­ла­нып отырғанын мәлімдеді. Оның ішін­де Сырдың басты дақылы күріш 18 900 гектарды құрайды. Ал су тап­шы­лығына келсек, ауылдық округтегі егін шаруашылығымен айналысатын ша­руа­шылық басшыларымен кезде­сулер ұйым­дастырылып, егінді әрта­раптандыру ба­ғытында жұмыстар жүр­гізу тапсы­ры­лыпты.

Мәжілісті қорытындылаған Асқарбек Темірбекұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты жауапты аза­мат­тарға тиісті тапсырмалар берді. Аудан басшысы айтқандай, оң нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыста сапа мен жауап­кершілікті бірінші кезекке қою керек. Өңір басшысы берген әрбір тапсырма әр салада серпін қалыптастырары анық. Сондықтан жауаптылар оның орын­да­луына басымдық бергені абзал.

Жандос ЖАЗКЕН


04 мамыр 2022 ж. 289 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031