» » РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ҚАРАКЕТКЕН АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ҚАРАКЕТКЕН АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың яғни, референдумның маңыздылығы бойынша кездесу Қаракеткен ауылында жалғасты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым Мемлекет басшысының Конституцияға өзгертулер жасау ұсынысы турасында ауыл халқына ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізді. Ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін партиялық штабтың мүшелері ауданымыздың барлық ауылдарына барып, түрлі салалық топтармен кездесулер өткізіп, ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұнын халыққа жеткізетін болады.

Мемлекет басшысының бастамасын жалпыға бірдей қолдап, азаматтық позицияны берік ұстанып, белсенділік көрсетуіміз қажет. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды – деді Балайым Кесебаева.

Келелі кездесуге бірге Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Үздембаев Жақсылық, Тәжібаева Ұлжахан, Кенжебаев Ахан, Базарбай Еркін және БАҚ өкілдері қатысты.


27 мамыр 2022 ж. 1 001 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031