» » Ұстаздар әулеті

Ұстаздар әулеті


Бұған дейін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде мәдениеттік Тоқсановтар отбасы жүлделі ІІ орынды иеленгенін сүйіншілеген болатынбыз.


Мәдениет ауылында туып-өскендіктен бұл отбасы туралы жақсы білемін. Алпысыншы жылдардың басында біздер бастауыш сыныпта оқитын ауыл баласы едік. Қызылордадағы педагогикалық институтта оқып, мұғалімдік мамандық алған Көптілеу Тоқсанов 1 май орта мектебінде алғашқы еңбек жолын бастап, физика-математика пәнінен сабақ берді. Жоғарғы оқу орнын бітіріп келген мамандардың қатарында білім берген Көптілеу ағайдың сол кездегі жастық шағы, кескін-келбеті көз алдымызда. Мектепте мұғалім болып жүрген ағамыз көп ұзамай аудандық партия комитетіне қызметке шақырылды. Сол жерде жеті жыл қызмет етіп, тәжірибеден өткен маман аудандық партия комитетінің бюро қаулысымен Аққыр совхозына партия комитетінің хатшысы қызметіне жіберілді.
Шалғайдағы Аққыр совхозы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Ата-кәсіпті жалғастырған шопандар мыңғыртып мал өсірсе, ауыл тұрғындары жем-шөп дайындап еңбек етті. Совхоз партия комитетінің хатшысы К.Тоқсанов малшыларды аралап, партияның саясатын түсіндірді. Үгіт-насихат жұмыстарына басшылық жасады. Жауапты мал қыстату, көктемгі төл алу науқандарын табысты аяқтаған малшыларға ынталандыру шараларын ұйымдастырып, екінші тың ерлерін еңбекке жігерлендірді. Кадр тәрбиелеу, партиялық жарнапұл жинау, цехтық партия ұйымдарының жұмыстарын үйлестіріп, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, совхоз директоры мен кәсіподақ комитетінің, комсомол ұйымдарының есептерін тыңдап, жұмыстарына бақылау жасады. Идеология жұмысын жүргізіп, совхоз экономикасының өрге басуына халықтың әл-ауқатының жақсаруына бір кісідей атсалысып, үлесін қосты. Жалпы, партия жұмысы сауаттылықты, жауапкершілік пен қарым-қабілетті қажет етеді. Сол жауапты міндетті абыроймен атқаруының арқасында совхоз партия комитетінің жұмысы жыл сайын аудандық партия комитетінің бюросында оң бағасын алып отырды. Осы қызметті 12 жыл атқарған Көптілеу Тоқсанов тоқсаныншы жылдары туған ауылы Мәдениетке қоныс аударды. Совхоз директорының орынбасары болып, егін шаруашылығымен айналысты. Бұдан кейін Сәтпай ауылында ферма меңгерушісі болып мал шаруашылығында еңбек етті. Еңбегіне қарай – құрмет көрді, елге еткен еңбегі ескеріліп, «Астанаға – 10 жыл» және басқа да мерекелік медалдармен марапатталды. «Жалағаш ауданының құрметті азаматы» атағын алуы – ол кісінің еңбегіне берілген әділ баға деуге болады.
– Өмірдің өзі мектеп, жақсымен де, жаманмен де бірге жұмыс істеп, қолдан келгенше туған елге қызмет еттік. Еңбек пен ерліктің әділ бағасын беретін – халық. Өткен күнде белгі көп. Адамның ел үшін еткен еңбектері жазылса ғана тарихта қалады, жастар оқып, үлгі ғибрат алады, – дейді Көптілеу ағай өткен күндерді бір сәт еске алып.
Ол кісінің жұбайы Зинакүл Құрманбаева 1956 жылы Қызылордадағы медучилищені бітіріп, Мәдениет МТС мен Жамбыл атындағы колхозда фельдшер болып жұмыс істеді. Ол кезде дәрігер мамандары жоқ, медициналық құрал-саймандар тапшы. Өзі фельдшер болып жүріп хирург, педиатр, акушерлік жұмыстарды қоса атқарды. Ат-көлікке мініп, ауыл тұрғындары мен малшыларды аралап, күн-түн демей, дәрігерлік қызмет көрсетті. Жолдасы екеуі 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген көпбалалы «Батыр ана». Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, солардан 22 немере, 23 шөбере сүйіп отыр.
Отан – отбасынан басталады. Дүниеге келген әрбір сәби ата-ананың тәрбиесімен өсіп, жетіледі. Отбасының басты қызығы алтын тіреу діңгегі – бала. Береке, бірлік сүйіспеншілікпен үйлесім тапса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Көптілеу ағай мен Зинакүл апай екеуі Мақпалкөл орта мектебінде бірге оқыды. 1936 жылы дүниеге келген олар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға атсалысты. Мектеп пен оқу орнын бітіріп келген соң үйленіп, сырт көз сүйсінер жарасымды жұп болды. Жұбайы ерін ер азамат деп құрмет тұтса, ері әйелін гүлге балап, еркелетті. Әуелден басталған адал махаббат, шынайы сезім мен сыйластық отбасына құт-береке әкелді. Олар бала тәрбиесіне айрықша мән берді. Балаларының денсаулығына, сабағы мен тәрбиесіне көңіл бөлді. Әрқайсысының бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, имандылыққа, еңбекке тәрбиеледі. Шүкір, ата-ана тәрбиесі өз жемісін берді. Балаларының барлығы жоғарғы оқу орнына түсіп, мамандық алды. Сөйтіп, Тоқсановтар әулеті өркен жайып, берекелі отбасына айналды. Бүгінде Гүлнары – Қармақшыда, Қамары – Аққырда, Балқашы – Шымкентте, Гүлназы – Жаңаталапта, Ерсіні – Мәдениетте мектепте мұғалім болып қызмет етеді. Ал Ғалиясы – Алматыда, Сонясы – Астанада жоғарғы оқу орындарында. Светасы – Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде, Ерсайыны – «Өркен» колледжінде дәріс береді. Балаларының барлығы мұғалім болып білім саласында қызмет істейді. Қазір қара шаңырақтың иесі Ерсіннің жұбайы, қолдарындағы келіні Жансұлу да І.Қабылов атындағы №32 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі екен. Жалпы, ағайынды Тоқсановтарды ауыл халқы «Ұстаздар әулеті» деп құрмет тұтады.
– Елу-алпысыншы жылдары фельдшер болып жұмыс істеу өте ауыр еді. Күндіз үй көрмей, ел аралап қызмет еттік. Сондай қиналып жүрген кездерімде Алла тағаладан мұндай жұмысты баламның баласының басына бермесін деп тіледім. Ержеткен балаларымның дәрігерлік мамандықта оқуларына қарсы болдым. Кезінде жастықпен байқамаппын, кейін түсіндім. Біздікі ескі көзқарас екен. Ауырғанда арқа сүйер, жаныңа қуат беріп, дертіңе шипа болар дәрігерлік аса қажет мамандық қой, – деді Зинакүл апа әңгіме арасында.
Ауданымызда мәуелі бәйтеректей өсіп-өнген бірлігі жарасқан берекелі отбасылар көп. Солардың қатарындағы мерейлі отбасы Тоқсановтардың өнегесін, ауыл тұрғындары әрдайым мақтанышпен айтып отырады.
Серік БЕРТАЕВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).


23 маусым 2018 ж. 1 313 1

Гость Jeaplause от 6 ақпан 2019 01:55
Priligy Ya Se Vende En Mexico cialis Geniune Accutane Cialis Granada Vpxlfromindia canadian cialis Amoxicillin Clavu 875 Mg Buy Levothyroxine Without Prescription Propecia Ectopico Online Kamagra Mumbai cialis no prescription Ger Prescriptions Online For Proscar Buy Female Viagra In India Where To Buy Doxycycline For Dogs cialis 20mg price at walmart Cialis Levitra Viagra Compare

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930