Иесінің көңіл-күйі иттерге қалай әсер ететіні белгілі болды
АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеті иесінің көңіл-күйі иттерге қалай әсер ететінін анықтады.
Бұл туралы Phys.org журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Ғалымдар 34 түрлі тұқымды иттер мен олардың иелері қатысқан зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында иттерді бөлек қамап, иесімен арасына мөлдір шыныдан жасалған есік қойылып, ол магнитті құлыппен жабылған. Мұнан кейін иелері жылап немесе бесік жырын айта бастаған.
Анықталғандай, иесінің жылағанын естіген иттер есікті ашуға үш есе жылдам асыққан. Сонымен қатар бұл кезде иттердегі күйзеліс деңгейі де өлшеніпті. Нәтижесінде есікті ашуға тырыспаған үй жануарындағы күйзеліс деңгейі анағұрлым жоғары болғаны байқалды. Яғни олар иесінің жанына бара алмағаны және дәрменсіздігі үшін қатты уайымдаған.
«Иттер адамдардың жанында мыңдаған жылдар бойы болған. Сондықтан олар біздің әлеуметтік дабылдарымызды аңғаруды үйреніп алды», – дейді зерттеу авторларының бірі Эмили Сэнфорд.
Stan.kz