Жемқорлық туралы ақпарат берген адам қанша сыйлықақы алады
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі мен төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК түрінде бекітілген.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: https://www.inform.kz/kz/zhemkorlyk-turaly-akparat-bergen-adam-kansha-syylykaky-alady_a3346204