Қызыл мияны қорғау – міндетіміз
Қызыл мия - көпжылдық өсімдік. Биіктігі – 80-120 см, тамыр мойнының диаметрі – 2 см. Жер астына 152 см тереңдікке дейін енеді. Жер асты суынан көтерілген ылғалдылықпен қоректенеді. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өседі. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Маусым, шілдеде гүлдеп, шілде, тамыз айларында жеміс салады. Тұқымы топырақта үш жылға дейін тіршілігін жоймайды. Жинау кезеңі күздің соңғы күндері немесе ерте көктем мезгілі.Тамырдың топырағын қағып, салқын сумен жуады, бір екі күн тағы сумен шаяды.Тамыр тазарған соң 30-35 см. ұзындықта бөліктерге бөліп, 30-40 с. температурада арнайы кептіргіште кептіреді немесе күн сәулесі қызуымен де кептіруге болады. Кептірілген тамырды 10 жыл сақтауға болады.
«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» КММ-сі мемлекеттік орман қоры жерлерінен қызыл мия тамырын рұқсатсыз жинауға болмайтынын ескертеді. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №301 шешіміне сәйкес қызыл мия (жалаң мия) тамырын жинау үшін әр келісіне 62 теңгеден төлемақы алынады және орман билеті беріледі.
Сонымен қатар, рұқсатсыз қызыл мия тамырын жинағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 370-бабының 3-тармағымен ескерту жасауға немесе 3 айлық есептік көрсеткішпен 7215 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Н.Тұрмаханов,
«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің
орман күтушісі.