» » Қазақстанда балабақша бағасы өсті

Қазақстанда балабақша бағасы өсті



Елімізде балабақшалар мен мектепге дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту орталықтары бір жылда 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, тамызда ата-аналар мектепке дейінгі мекемеге бір күн үшін орташа есеппен 823 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Балабақша мен дамыту орталықтары ең қымбат өңірлердің қатарында Астана (бір баруына 1862 теңге), Алматы (1666 теңге) және Шымкент (1023 теңге) қалалары бар.



"Жалпы 2018 жылдың II жартысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет түрлері 84 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Олардың 78,7 пайызы бюджеттік қаражат есебінен көрсетілсе, тағы 21,1 пайызы халықтың өзінің қаражатына және 0,2 пайыз жекеменшік кәсіпорындардың есебінен шыққан", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.


tengrinews.kz

06 қыркүйек 2018 ж. 659 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031