» » ҚАЙРАТКЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ҚАЙРАТКЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ



Сыр топырағынан нәр алып, мемлекетімізді гүлдендіруге үлес қосқан екі адам болса, соның бірі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, философ, аудармашы, публицист Ілияс Жүсіпұлы Қабылов болатын. Ұлт мақтанышының 115 жылдығына орай Ілияс Қабылов атындағы саябақта қайраткердің ескерткіш-бюстінің ашылу салтанаты өтті.

Шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, қайраткердің немересі Галина Қабылова мен кент, ауыл ардагерлері және алыс-жақын өңірлерден арнайы келген меймандар қатысты.
– Аса дарынды білімдар қайраткер өз заманында Мәскеудегі университет пен архитектура институтының философия кафедрасын басқарып, сонда дәріс берген. Бұл тұста да оның білімділігі мен біліктілігі философияны терең меңгергені үшін доцент ғылыми атағы берілген. Қазақстанға терең біліммен оралған І.Қабылов 1934 жылы әуелде өлкелік партия комитетінің мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Кейін осы бөлімді басқарады. 1937 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшелігіне сайланған Ілияс Қабылов республика өміріндегі барлық істерді өркендетуге араласып, атсалысты, – деді салтанатты шараға жиылған жұртшылық.
Өкініштісі, ел ертеңі үшін елеулі істердің атқарылуына себепкер болған І.Қабыловқа «халық жауы» деген айып тағылып, 1938 жылдың 20 ақпа­нында ату жазасына кесілді. Артында мол мұрасы қалған қайраткердің өнегелі еңбек жолы мен саналы ғұмыры өскелең ұрпаққа қашанда үлгі болып қала бермек.
Қайраткердің өмірге келгеніне 115 жыл толуы­на орай туған жеріне ескерткіш-бюсті қойылып, ерін елі ардақтап жатыр. Бұл ескерткіштің бой көтеруіне аудан әкім­дігімен қатар, Құрметті спорт қайраткері Садық Мұстафаев та атсалысты. Жиында сөз алған меймандар игі іске ұйытқы болған атымтай азаматтарға өз ризашылықтарын жет­кізіп, кент сәулетіне одан әрі сән берген тұлғаның кеуде мүсінін салтанатты түрде ашты.
Шара соңында ардагерлер бюст алдына гүл шоқтарын қойып, ескерткіш маңында естелік суретке түсті.
Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі І.Қабыловтың қоғамдық және мемлекеттік қызметтерін ескеріп, туған ауылындағы №32 орта мектепке, Қызылорда қаласындағы №12 мектепке қайраткердің есімін берді. Сондай-ақ, кентте ол кісінің атымен аталатын көше де бар.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

20 қазан 2018 ж. 1 500 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930