ЕҢБЕКТЕГІ ЕҢСЕЛІ ЖҰМЫС
Ауданға қарасты Еңбек деген еңселі өңір бар. Берекесі мен бірлігі жарасқан киелі мекеннен кезінде өткенімізді ұлықтаған зерттеуші ғалым да, тұтас Жалағаш жерін жырына арқау еткен ақиық ақын да, шәкіртінің шамшырағына айналған ұлағатты ұстаз, мәдениет пен өнердің өркен жаюына үлес қосқан танымал тұлға да шықты. Еліміздің түкпір-түкпірін аралап, өз өнерлерін паш етіп жүрген кешегі «Батар аналар» ансамблі де бұл өңірдің қандай құтты мекен екенін әспеттеп тұр емес пе?! Жалпы, болмысына қарап бой түзер тұлғаның болуы қандай бақыт. Қазіргі таңда ауыл жастары алдыңғы буынға қарап, саладағы сабақтастықты үзбей келеді. Еңкейген қарты еңбектеген балаға дейін осындай тәлім қалдырса, бұлай болуы да заңдылық қой. Аталған елді мекенге сапарлаған бір күнімізде біраз ой түйдік.
Жалпы, кез келген өңірде бір саланың алға басуы үшін не істеу қажет?. Әрине, бірінші кезекте қолдау басым болуы шарт. Ал, осы тұрғыдан келгенде аққошқарлықтар ешкімге алақан жаймайды. Себебі, өткенін ұлықтап, үлкенге құрмет көрсетуді жадынан шығармайтын ел ағалары бар. Ауылдағы «Еңбек-Жер» ЖШС директоры Шакизатхан Ысқақов шаруашылық жұмысын қолға алғалы ауқымды шаралар мен түрлі сайыста топ жаруға талпынған талапкерлерге демеушілік жасауды дәстүрге айналдырған. Ауданның мәдениет саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған «Батыр аналар» ансамбліне де бірнеше рет қаржылай қолдау көрсетті. Үлкеннің батасын алуды жөн деп тапқан жігіт ағасы туған жерге тағзым етіп, ауыл жанашыры болуды өзіне парыз санайды.
Сәрсенбінің сәтті күніндегі сапарымыз жаман болған жоқ. Бүтін бір ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуеті жоғары өңірдің өнер кешіне куә болдық. «Батыр аналар» ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараның көркін жергілікті өнерпаздар қыздырды. Иә, қасиетті мекенде әлі де өнердің ізі бар екен. Олай болмағанда ше, отыз жылдық тарихы бар ансабльдің өзі әлі күнге дейін халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Ал, кештегі мектеп оқушыларының таланттылығымен көзге түсуі жаза берсең, бір еңбекке жүк.
Мерекелік кештің ашылу салтанатында алдымен аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аяулы аналарды ансамбльдің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.
– Бүгін өзінің 30 жылдығын атап өтіп жатқан “Батыр аналар” ансамблі – өңір мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан өнер ұжымы. Осы жылдар ішінде бұл ансамбль келешек ұрпаққа үлгі болатын, кейінгі жас өнеге алатын талай істің басында жүрді. 1988 жылы құрылған өнер негізінің қалануына Кеніш Жұмалиева, Орынкүл Балтабаева, Ұзақ Еспанов, Балдай Садықова, Зоя Сейдуллаева сынды аға буын өкілдері ұйытқы болды. 19 Батыр анадан құрылған ансамбль 1988 жылдың 7 наурызында ауылдағы мәдениет үйінде ең алғаш концертін қойды. Осы күні ауыл тұрғындары “Батыр аналарға” ақ тілегін жаудырып, қошемет көрсетті. Халық түсінігінде “Елдің алғысын алғанның болашағы жарқын болады” деген сөз бар. “Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын” деген тәмсіл де “Батыр аналар” ансамблінің қоғамдағы орнын айғақтап тұр десе де болады. Алғашқы қадамдарын елдің батасымен бастаған бұл өнер ұжымы өз ауылдарымен ғана шектеліп қалған жоқ. Жаңадария, Ақарық, Калинин, Аққұм, Шаған, Мырзабай, Мәдениет, Жаңаталап ауылдарына гастрольдік сапарға шықты. Тіпті, аудан орталығына дейін келіп өнер көрсетті. Ансамбль мүшелері де уақыт өткен сайын ширай бастады. Құрамы да толығып, 26 адамға жетті. 1988 жылдың тамыз айында Жұма Данилов, Төребек Бақтыбаев сынды жалағаштық мәдениет майталмандарының жетекшілігімен “Батыр аналар” ансамблі Алматы қаласына сапарлады. Осы жолы еліміздің сол кездегі астанасы болған Алматы қаласында арнайы телевизиялық бағдарламаға түсті. Осындай игі істердің басында жүрген “Батыр аналар” ансамблін 30 жылдық мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық, бастарыңыздан бақ кетпесін! Отбастарыңызға табыс тілеймін, – деді аудан басшысы.
Ансамбль тарихын кеңінен тарқатқан Қайратбек Әубәкірұлы өнер ұжымын аудан әкімінің «Құттықтау» хатымен марапаттады.
Иә, батыр дейік, алтын дейік, жалпы ана деген ұлы сөздің алдына қандай салмақты сөз жалғасаң да олардың бұл өмірдегі бағасын толық бере алмаймыз. Бойындағы мейірім мен шуақты, тағылым мен тәрбиесін тарқатам десең, том-том туындыдағы қанша сөзді қолдансаң да аздық етеді. Себебі, батыр да, ақын да, танымал тұлға да алып анадан туады. «Бұл өңірде өнерлі жастар неге көп?» деген сауалға жауап іздеген кез келген жан Еңбектегі дәстүр сабақтастығына қанықса болды, сауалына толық жауап алады. Себебі, жоғарыда «өңірде өнердің ізі бар» деген сөзді бекер айтқан жоқпыз. Жастары үлкеніне қарап бой түзейді. Алдыңғы буын да оларға көрген-білгенін үйретуден жалыққан емес. Бүгінгі кеш бізге осыны ұқтырды.
Мерекелік шара ардақты әжелеріміздің орындауындағы халық әндерімен шымылдығын түрді. Апаларымыз қарттық жасқа келді демесеңіз, дауыстарында әлі де мін жоқ. Қарапайым музыкалық аспап сүйемелдеуінде ән шырқаған әжелер өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Үлкенді ұлықтауды парыз санайтын елміз ғой. Көрермендер де орындарынан тұрып, қошеметін аямады. Ал, мұнан кейін шара жалғасы жергілікті өнерпаздардың ән-кешімен жалғасты. Облыстан келген қонақтар да аналарына ақ тілегін жаудырып, сый-сияпат көрсетті. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Бибігүл Үмбетова мәдениет саласының ардагерлерін облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев жылы лебіз білдіріп, облыстық ардагерлер кеңесінің алғысын табыстады. Қазақ сахнасында халықтың батасына бөленген әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова да аталған салада жеткен жетістігін аяулы әжелерімен байланыстыратынын жеткізді.
Мерейтойда М.Байділдаев атындағы орта мектеп оқушыларының өнеріне тәнті болдық. Патриоттық әндерді хормен шырқаған отызға жуық оқушының даусы көрерменді өзіне баурап алды. Жас өрендердің кезекті бір әнді орындау барысында музыка аяқталып қалған еді. Бірақ, талантты жастардың «көрерменге керемет көңіл-күй сыйлаймын» деген талпынысына бұл жағдай кедергі келтіре алмады. Оқушылар сүйемелдеуші апайдың көмегімен әнді соңына дейін шырқап, халықты бір көтеріп тастады. Міне, осылайша тәжірибелі ұстаз мерейі көпшіліктің алдында үстем болды.
Ал, осыған дейін мәдениет саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған кеш иелері, ауылдағы ардақты аналардан құралған өнер ұжымына ансамблді табыстап, дәстүр сабақтастығын үзбейді деп сенім артты. Иә, жаңа құраммен жасақталған өнер ұжымы алдағы уақытта талай кештің көркін қыздырып, әжелер сенімін ақтары сөзсіз. Бүгінгі мерейтойдағы олардың орындауындағы бірнеше халық әнін тыңдап, осындай ойға келдік.
Тағылымды кеш аяқталған соң тағы бір игі істің куәсі болдық. Жоғарыда атап өткен серіктестік басшысы Шакизатхан Ысқақовтың қолдауымен ауылдан үлкен мейрамхана мен шағын маркеттің құрылысы қаланыпты. Еңбектегі еңселі нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев шаруашылық басшысының игі істерді қолға алып, ауыл жанашырына айналуы аудандағы өзге де шаруашылықтарға үлгі болатынын жеткізді. Сондай-ақ, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тілеп, ауыл халқына өңірде әлі де жарқын жобалар қолға алынсын деген ақ тілегін жеткізді.
Жаңадан бой көтерген зәулім ғимарат ауыл ажарын айшықтап тұр. Атпал азаматтың осындай үлкен істі қолға алуы өңір халқы үшін үлкен қолғабыс. Бір жағынан кәсіптің көзі болса, келесі кезекте қаншама ауыл азаматтарын жұмыспен қамтыды. Серіктестік басшысы бұған дейін де Аққошқарда жарқын бастамалардың жүзеге асуына қаржылай қолдауын аяған емес. Бір ғана шаруашылықпен қаншама адамды жұмыспен қамтыды. Еңбектегі «Мүсірәлі баба» мешітін де серіктестік басшысы өз қаражаты есебінен салып берді. Міне, алғаш имандылық үйіне қолғабыс етуден басталған шарапат берекелі тірлікпен жалғасын табуда. Мұнан кейін 2,5 млн теңгеге ауыл балалары ойнайтын алаңқай салып берді. Жастардың ой-өрісін дамытатын мұндай орталық бір ауыл үшін аздық ететін. Бірақ, бұл жағдай іскер азаматтың қаперінде бар екен. Араға бір жыл салып, тағы да өз қаражаты есебінен 4 млн теңгеге балалар алаңын ашып берді. Жаңағы ансамбль құрамындағы әжелердің де өнер кешіне қажетті дүниелерге қаржылай қолдауын аяған емес. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың да тең дәрежеде білім алуына қолғабыс еткен Шакизатхан Ысқақов өңірдегі білім, медицина, мәдениет сияқты бірқатар саланың серпін алуына себепші болды. Ауылдық мәдениет үйін музыкалық аспаптармен қамтамасыз етті. Жаңа жоғары да айтып өткеніміздей, бұл жерден талантты, өнерлі жастардың көптеп шығуының себебін енді аңғарған боларсыздар.
Бір сөзбен айтқанда, серіктестік басшысы ауылдың әлеуеуетін арттырып, Еңбектің еңсесін биіктетуде еш аянып қалған емес. Өңірде жарқын жобаларды жүзеге асырған ауыл мақтанышы өткен жылы өз қаражаты есебінен май құю бекетін ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтыды. Іскер азамат қолға алған сыйымдылығы 80 бас мал бордақылау алаңы да аққошқарлықтардың екі қолға бір күрек табуына себепші болды.
Бұл мақаламызға арқау болған шаруашылық басшысының ауыл үшін жасаған игі істерінің жартысы ғана. Тізе берсең, бұл өңірде тындырымды тірлік көп. «Ауылына қарап, азаматын таны» дейді қазақ. Ал, біз бір күнде екеуіне де көз жеткіздік.
К.БАЛҒАБАЙ,
М.АХМЕТОВ (сурет).