ҚЫРАНДАР ҚАНАТ ҚАҚҚАН АЛТЫН ҰЯ
Кез келген адамның бойында алдымен ауылына, мұнан кейін білім алған мектебіне деген құрметі жоғары болады. Бұлай болуының да өз жөні бар. Балалық шағыңның қызықты сәттері сол туған топырақта, алғаш табылдырығын аттаған білім ошағында өткеннен кейін әлгі екеуінің басқасынан бәсі биік тұруы да заңдылық. Сондықтан, сыртта жүрген кез келген азамат ауылына арнайы атбасын бұрса, білім ошағына баруға ынтасы ауып тұрады. Мектепте ұстаз, алтын ұя тақырыбында жатқа айтатын өлеңдерді жай тақпақ көретін едік. Өсе келе мағынасына үңілсек, тұтас туынды былай тұрсын, әрбір сөзінде үлкен салмақ бар екен ғой.
Иә, ғалым да шахтер де бас иетін маман иесі мұғалім болса, құрмет көретін киелі мекен ол мектеп еді. Бұл қастерлі мекен кез келген тарыдай болып кірген шәкірттен таудан талап иесін қалыптасырды емес пе?! Үлкеннің де, кішінің де бұл мекенді қаншалықты жоғары балайтынына өткен аптада көз жеткіздік. Білім ошағының 30 жылдығында бас қосқан №201 мектеп-лицейінің әр жылдардағы түлектері ұлағатты ұстаздарына сәлем беріп, қастерлі мекенге құрметпен қарайтынын көрсетті.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев аталған білім ошағы ұжымының әр жылдардағы білім саласын ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру жолындағы мақсатына сәттілік тіледі.
– Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Әлемде кез келген адам көздеген мақсатына тек білім арқылы қол жеткізеді. Үнемі айтып жүретін парасаттылық, көрегендік, парасаттылық деген ұғымның барлығы да осыған байланысты. Әрқайсысымыздың бойымыздағы тапқырлық, шығармашылық қасиет те осы біліммен кемелденеді. Білім мен кемел келешекті байланыстырып, бұл салада үлкен іс тындырып жатқан оқу орындарының бірі – №201 мектеп-лицейі. Бүгінде іргелі білім ұясына 30 жыл толып отыр. Қазіргі таңда аталған білім ошағы өзінің айрықша тәрбиесімен, білікті мамандарымен көзге түсіп отыр. Бұл мектептің мектеп-лицей статусын алуының өзі ұжымның жоғары деңгейде жұмыс жасап жатқанының жемісі деп білемін. Осынша уақыт ішінде мұндағы ұлағатты ұстаздар мен оқушылар республикалық, облыстық, аудандық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындардан бой көрсетіп жүр. Барлық жетістіктер – үлкен еңбектің жемісі. Алдағы жұмыстарыңызға да сәттілік тілеймін деді – аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан кейін мектеп-лицейіндегі білікті педагогтар облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, білім ошағында әр жылдары басшылық қызмет атқарған ұлағатты ұстаздар да естеліктерімен бөлісті.
Расында, бұл білім ошағының мектеп-лицей статусына ие болуына осындағы әрбір мұғалімнің еңбегі сіңді. Соңғы кездері облыста ауданның білім саласы бойынша көш басына шығуында да аталған білім ошағының өзіндік қолтаңбасы бар. Талап пен ізденісті ұштастыра білген ұлағатты ұстаздар «қайтсек бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз?» деген сауалға жауап іздеумен жүреді. Бұл сұрақтың жауабын табуға деген олардың бойындағы талпыныс та өз жемісін беруде. Мектеп-лицейдің құрылған жылдардан бергі тарихына үңіліп, біз де ағалардың пайымды пікірінің растығына көз жеткіздік. Білім ошағын басқарған Жанай Тұрғанов, Балғабай Қуандықов, Нұрлан Ержанов сынды барлық білікті мамандар іргелі оқу орнындағы білім саласын дамытуға күш салды.
Ұлағатты ұстаздар ұлықталып, білім ошағының тарихы тарқатылған басқосуда «Түлектер түлеген тұғыр» атты тың туындының тұсауы кесілді. Салтанатты рәсімде кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев жаңа кітаптың жастарға берер тағылымы мол екенін жеткізіп, мұғалімдердің жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан кейін оқушылар мерекелік концерт қойып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Отызға жуық өрен қазақтың бірнеше күйін нақышына келтіре орындаса, бірқатары мың бұрала би де биледі. Бұл мерекелік кеште тек түлектер емес, оқушылар да, ұзақ жыл еңбек еткен ұстаздар да білім ошағына құрмет көрсетті. Біз де ғалым да, шахтер да бас иген тойдан өскелек ұрпақтың түйері көп деген ойға келдік.
К.БАЛҒАБАЙ,
М.АХМЕТОВ (сурет).