» » СОТ ЖҮЙЕСІНЕ СЕНІМ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІККЕ СЕНІМ

СОТ ЖҮЙЕСІНЕ СЕНІМ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІККЕ СЕНІМ


Кешегi биiңiз – бүгiнгi судья. Мыңдаған жандардың тағдыры мен дауын шешiп, олардың құқығы мен бостандығын қорғайтынын ескерсек, ол шығаратын шешiмдердiң әдiлеттiлiгiне қарап, соттың бағасын халық береді.
Қазір сот жүйесі уақыт талабына сай іргелі өзгерістерді бастан кешіріп, өз дамуында сапалық жаңа деңгейге көтерілді. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылғандығы айтылды.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да қоғамымыздың заңнамалық қамтылуы назардан тыс қалған жоқ.   Елбасымыз «…әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірілген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс» деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауда: «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет» деген болатын. Сонымен бірге, Ұлт жоспарының «100 нақты қадамында» Қазақстанды әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосу мақсатында еліміздің сот жүйесіне де қомақты міндеттер жүктеді. Негізгі бес бағытқа басымдық берілген Ұлт жоспарында елімізде «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», соның ішінде сот жүйесінің қызметін оңтайландыру көзделген. Реформаның заң үстемдігіне арналған екінші бағыты бойынша сот жүйесіне қатысты 19 мақсатты қадам көзделген. Олардың он бір қадамы сот жүйесін реформалауға тікелей қатысты.
Ал, Елбасы жариялаған былтырғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып жатқандығы айтылған. Сондай-ақ, саяси құжатта: «Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді», делінген. Осы тұрғыда азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажетті де құжаттан көрініс тапты. Қазіргі таңда, осы бағыттағы жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілген. Судьялар корпусы абыройлы, кәсіпқой, руxани бай, тәжірибелі, өз кәсібіне жауапты азаматтар алынуы тиіс екендігі нақтыланды.
Негізінен, Судьяларға елдің сенімі мен артып отырған үміті үлкен мәртебе, сонымен бірге асқан зор жауапкершілік жүктейді. Сол сенім мен жауапкершілік биігінен көріну жолында үнемі ізденісте болып, білімімізді жетілдіріп отырамыз. Біздің алдымызға арыз-шағыммен келетін тараптардың барлығы да өздерінің талабын дұрыс деп ойлайды. Өйтпесе, сотқа арыз бермес еді ғой. Сондықтан қарауымызға түскен істің мән-жайымен толық танысып, егжей- тегжейлі зерделеп, зерттей отырып, шешім шығарамыз. Расын айту керек, екі тараптың бірі дұрыс болып шығады да, екінші жақ бұған наразылық танытады. Бұл – өмірдің заңы. Қалай болғанда да, кез келген судья бірінші кезекте еліміздегі қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Сонан соң барып, тараптарға қатысты ерекшеліктерді ескереді. Қазіргі кезде сот саласында да ең соңғы, заманауи үлгідегі ақпараттық технологиялар қолданылады. Біздің барлық қызметіміз ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады. Барлық қызметіміз халықтың көз алдында десем, артық айтқандық бола қоймас.
Тағы бір айта кететін жайт, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заң 2019 жылдың 03 ақпанында заңды күшіне енген болатын.
          Бұл Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнама негізінде жалпы түзетулердің бес тобын қарастырады. Осының ішіндегі түзетулердің екінші тобындағы заңнаманы халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес одан әрі келтіру ұсынылатын «Төрелік туралы» Заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік органның не квазигоссектор субъектілерінің қатысуымен дауларды төрелік қарау кезінде шетелдік құқықты қолдану мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, заң төрелік шешімді орындаудан бас тартудың негізі төрелік құрамының заң талаптарына сәйкес келмеуі ғана емес, сондай-ақ осы құрамның тараптардың келісіміне сәйкес келмеуі болып табылатындығы туралы нормамен толықтырылады. 
         Қорыта айтқанда, осындай өзгерістердің нәтижесінде сот төрелігіне халықтың сенімі ұлғайды. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида бар. Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек дегенді білдіретіні белгілі. Сондықтан, біз әрбір істі мұқият қарап, әділ төрелігін айтуды мақсат етіп қойдық.

Т.ТЕМІРБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының судьясы.
15 наурыз 2019 ж. 853 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930