» » Алматы облысында кәсіпкер 7 балалы анаға пәтер алып берді

Алматы облысында кәсіпкер 7 балалы анаға пәтер алып берді

Алматы облысында қайырымды жандар 7 баланың анасы Назгүл Кужекееваға баспана сыйлады. 17 сәуір күні пәтер кілті көпбалалы анаға табысталды, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі.

ÐлмаÑÑ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда кÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ 7 Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð°Ð½Ð°Òа пÓÑÐµÑ Ð°Ð»Ñп беÑдÑ

Назгүл Кужекеева 7 баланы жалғыз асырайды. Баспананы "АСПМК-519" ЖШС басшысы Виктор Сычев алып берді. Нотариус қызметкері Оксана Войтюк ХҚКО-ның тіркеу бойынша қызмет ақысын төледі. Қала әкімі Бахтияр Өнербаев баспаналы болған отбасыны құттықтады.

"Бұл үйде бала күлкісі сыңғырласын. Енді баспанаңыз бар. Барлық жағынан қолдап отырамыз", - деді әкім.

Көпбалалы ана қуаныштан көз жасына ерік берді. Кәсіпкерге жақсылығы үшін алғыс айтты. 

"Үнемі үйіміз болса деп армандаушы едік. Бізге көмектескен барлық жанға алғыс. Жаңа үй жарық, әдемі екен. Жеке меншігімізде жер де бар екен", - деді Назгүл Амангелдіқызы.

Назгүл Амангелдіқызы 7 баланы жалғыз асырап отыр. Ең кішісі 2018 жылы туған. Үлкені 10 жаста. Олар Бақтыбай ауылына көшіп келген. Өзі "Күміс алқа" иегері. Ай сайын жәрдемақы алып отырады. 

Stan.kz
18 сәуір 2019 ж. 726 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930