Мамандар джинсы шалбарларды жаңа қалпында сақтаудың әдісін айтты
Сарапшылар джинсы шалбарларды ұзақ уақыт қалпында сақтаудың әдісін айтты.
Блог иесі Лорна Бурфорд джинсы шалбарларды бірнеше рет бүктемеуге кеңес береді. Себебі бүктелген жер оның формасын құртады. Шалбарды ілгекке іліп қою керек.
Мамандар джинсы шалбарды жуар алдында ішкі бетін теріс аударуға кеңес береді. Осылайша киім сығылғанда, оның түсіне зиян келмейді.
Америкалық Levi's брендінің қызметкері джинсы киімдерді салқын сумен жуу керек екенін айтады. Осылайша шалбардың матасына зақым келмейді.
Мамандар джинсы шалбарды кір машинасымен кептірмеген абзал екенін айтты.
"Джинсы шалбарды кептіру - оның формасының бұзылуы мен ескіруіне әкеледі", - дейді комапания.