ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Аудандық кітапханада дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» және «Перзент парызы» атты кітаптардың авторы, ақын Роза Ерәлімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі ақын Роза Көшекбайқызы ұзақ жыл ұстаздық жолда еңбек етіп, талай шәкіртті өнер жолына қанаттандырды. Бүгінгі таңда құрметті зейнеткер, асыл әже өзінің білгенін жастарға үйретуден бір сәтке де жалыққан емес. Аудандық әуез мектебінде домбыра үйірмесіне барып, оқушыларға ақыл кеңесін айтып отырады. 1979 жылдан бастап «Алтын арай» ән-би ансамбілі оркестірінің белсенді мүшесі. Көптеген мақалалары республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде жарияланып жүр.
Шараны жергілікті қаламгер Қалжан Өтегенқызы ашты. Мұнан соң кітапхананың тұрақты оқырмандары, ардагер І.Тілеубергенова, Р.Боранбаева ізгі тілектерін білдірсе, №31 мектеп гимназиясының, №201 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары және №246 Ш.Ермағанбетов атындағы мектептің 6 сынып оқушылары жергілікті ақын-жазушылардың және Р.Ерәлінің өлеңдерін оқыды.
Кеш қонағы ақын Роза апай өз шығармашылығына жазылған әннен шашу шашып, аудандық әуез мектебінің музыка жетекшісі С.Қайранбаев өз өнерін көрсетті. Тағылымды шараны аудандық кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева қортындылап, кеш қонағына сый-құрмет көрсетті.
Гүлжанат ЖАҚСЫЛЫҚ,
аудандық кітапхана қызметкері.