Жәрмеңке жұмыспен қамтиды
Аптаның бейсенбісінде аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Мемлекеттік қызмет – жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызметтің сапасы – халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімінің көрсеткіші.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 150-ге жуық мемлекеттік қызметші қызмет етеді. Олардың әрқайсысының мемлекет тарапынан жүктелген функционалдық міндеттері, ұстанатын қағидалары, мансаптық бағыттары бар. Олардың әрқайсысы сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуді басты мақсат етеді. Заңға сәйкес аудан тұрғындарына барлығы 110 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Жиын барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қатар жұмыс берушілерден аудан тұрғындарына 6 жұмыс, Солтүстік өңірлерге 1800 жұмыс орны ұсынылды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Жағыпар Тажмаханов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырылып отырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің маңыздылығына тоқталды. Аудан тұрғындарының сапалы өмір сүруі, жұмыссыздар санының азаюы басты мақсат екенін атап өтті.
Мұнан соң жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен сұхбаттасып, кеңінен мағлұмат алды. Сондай-ақ аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері ұсынылып, мамандар тарапынан еш кедергісіз кеңес берілді. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ынталылар жоқ. Ал аудан бойынша екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«ЖЖ» ақпарат.