» » Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек

Назарбаев қамшы жайлы: Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек



Прездидент телерадиокешенінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосы пайда болды. Видеода тұңғыш Президенттің 1990 жылдардағы Қазақстан өңірлеріне сапары бейнеленген. Назарбаевпен кездескен ақ ниетті ақсақалдар бата беріп, басшының бас амандығын тілеген, деп жазады Stan.kz 


"Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы "Лидер эпоxи Независимости" атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Жергілікті ақсақалдар республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген", — делінді видео астындағы жазбада. 

Видеода Назарбаевқа тек қана жақсылықты тілеген қариялар, ел ағалары: "Қамшыны көрген сайын бізді еске алып жүріңіз", — деді. Өз кезегінде Елбасы: "Ауданның бастығына, совхоздың бастығына анда-санда көрсетіп тұру керек. Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой", — деп оларды күлдірді. Назарбаев ақсақалдардың ниеттері мен тілектеріне алғысын білдірді.  




https://stan.kz

23 маусым 2019 ж. 890 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031