» » Қоғам қайраткері атындағы турнир өтуде

Қоғам қайраткері атындағы турнир өтуде


Ауданда ауданның ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменов атындағы дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде. Дүбірлі дода алғашқы күннен-ақ тартысты өтті. Үміткерлер 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты.

Дәстүрлі шараның ашылуында  сөз алған аудан әкімі Асылбек Шаменов турнирдің маңыздылығына тоқталып, барлық спортшыларға сәттілік тіледі.

– «Еңбек ер атандырады. Ер есімін елі ешқашан ұмытпайды. Өткенімізді саралау, ел үшін еңбек еткен тұлғаларды құрметтеу, ұлықтау – игілікті де, сауапты іс. Жастарды Отанды сүюге, туған жерді көркейтуге шақыратын, бүгінгі тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырып отырған азаматтарға алғысымды білдіремін», - деді.

Айта кетейік, танымал тұлға атындағы турнир 1996 жылы облыстық деңгейде бастау алған еді. Кейін 2006 жылдан бастап ауқымы кеңейген шараны республикалық деңгейде өткізу қолға алынды. Аталған сайыста талабын шыңдаған бірқатар жастар бүгінде тартысты бәсекелерде еліміздің, облыстың аудан абыройын асқақтатуда. Ал, биыл дәстүрлі турнирде еліміздің өңірлерінен, Астана, Шымкент, қалаларынан  және көршілес Өзбекстан мемлекетінен келген 300-ден аса спортшы түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынауда. Кіл мықтының ішінен үздік шығып, топ жарған спортшыға  «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» атағы берілмек.

«ЖЖ» ақпарат.


02 қараша 2021 ж. 2 966 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031