БҰҚАРАНЫ СПОРТҚА БАУЛЫҒАН
Қимыл-қозғалысы тежелген, есесіне, жүйкесіне жүктеме түскен ересектерді айтпағанда, заманауи технологияға тәуелді болып, тәулік бойы қолдарындағы смартфонға үңіліп отыратын балалар мен жастар көбейді қазір. Жалпы халықты салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортқа тартудың күннен-күнге маңызы артып бара жатқаны аңғарылып отыр. Осы орайда бүгінде әр ауылда спорт нұсқаушылары жұмыс істейді. Солардың бірі – аудандық "Наркескен" спорт клубының Аламесек ауылдық округіндегі спорт нұсқаушысы Мақсат Өмірзақов. Үнемі күлімдеп жүретін, үлкенмен де, кішімен де сыпайы қарым-қатынас жасап, халықтың тілін табатын Мақсат – өз ісінің кәсіби маманы.
Халық санасында “Спортшылар ұр да жық, ожар болады” деген түсінік бар. Алайда Мақсаттың педагогиканың талаптарына сай қалыптасқан мінез-құлқы, ер азаматқа тән болмысы, бойындағы адами қасиеттері әлгіндей көзқараспен кереғар. Тәжірбиелі маман ауыл спортының дамуына көп еңбек сіңіріп жүр. “Спорт – денсаулық кепілі”. Мақсаттың ұраны да, ұстанымы да осы. Халық денсаулығын сақтаудың жиырма бірінші ғасырдағы ең тиімді жолы – спорт. Яғни дене белсенділігін арттыру, қимыл-қозғалыс арқылы денсаулығыңды нығайтып, өміріңді ұзарту. Бұл жолды қазір бәрі де біледі және халық ұзақ өмір сүргісі келеді. Бірақ арнайы жаттығу залдарына барып немесе үйлерінде өз бетінше спортқа бір мезгіл уақыт бөлетін тұрғындар аз. Сол “аздың” да дені жастар. Ауылдағы бұқаралық спортты дамыту, спорт түрлерін жетілдіру, үйлестіру секілді жұмыстар – қазірде спорт нұсқаушыларының міндеті. Бұл орайда Мақсат Өмірзақұлының атқарып жатқан жұмысы көңілден шығады.
– Әр салада қызмет етіп жүрген әрбір маманның өз қызметіне тән жауапкершілігі бар. Біз қандай қызмет атқарсақ та ең алдымен сол жауапкершілікті сезінуге тиіспіз. Маған артылған міндет – халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және жас ұрпақты спортқа баулу. Қазірде әлем бойынша адамзат денсаулығын сақтау және нығайту, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру басты мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе біздің елімізде де бар. Алайда осыған орай мемлекет көптеген бағдарламалар қабылдап, бекітті. Солардың бірі – бұқаралық спортты дамыту, яғни халықты жаппай спортқа тарту. Қимыл-қозғалыс – өмір. Қазірде Аламесек ауылдық округіне қарасты Есет батыр ауылының тұрғындары бұқаралық ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін көпшілік шаралардан қалмай, түгел қатысады. Одан бөлек, ауылда волейбол, баскетбол, футбол, гандбол, дойбы, асық ату секілді үйірмелер жүйелі түрде жұмыс істейді. Аталған үйірме мүшелері – мектеп оқушылары. Олар да өте белсенді. Сабақтан тыс бос уақытын спортқа арнайды. Үйірмеден үйренгені де, әлі үйренері де көп. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық, тіпті әлемдік додалардан жүлделі оралып жүрген жастар бар ауылда. Олардың жетістігі – тек ауыл мен ауданның емес, аймақтың, еліміздің абыройы. "Наркескен" спорт клубының негізгі мақсаты да тұрғындарды спортпен айналысуға бейімдеп, ел ішінен чемпиондар шығару, – дейді Мақсат Өмірзақұлы.
Есет батыр ауылының жас спортшысы Мұрат Тасбергеннің есімі бүгінде елімізге белгілі. Мұрат – жеңіл атлетикадан жүлдегер. 2015 жылы Шымкент қаласында өткен ересектер арасындағы республикалық чемпионатта ІІІ орын, 2016 жылы Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатта ІІ орын иеленіп, "Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері" атанды. Сонымен бірге Атырау қаласындағы чемпионатқа жолдама алып, 2017 жылы Атырау қаласында өткен республикалық паралимпиада ойындарында ІІ орын иеленіп, Пекин қаласында өтетін әлем чемпионатына лицензия алады. 2018 жылы Бейжіңдегі әлемнің 27 елінің спортшылары бақ сынаған паралимпиада ойындарында жүлделі орынға ие болып, ел абыройын асқақтатты. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында білім алып жатқан жас спортшының жетістіктерінің бастауында Мақсат Өмірзақұлының тынымсыз еңбегі мен тәжірибелі маман ретіндегі қолтаңбасы тұр.
Мақсат Өмірзақов 1992 жылы 14 қыркүйекте Есет батыр ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2014 жылдан бері аудандық "Наркескен" спорт клубының Аламесек ауылдық округіндегі спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеп келеді. Былтыр, яғни 2021 жылы республикалық "Ақ бидай" чемпионатында ұлттық спорттық ойындардың асық ату түрі бойынша команда мүшесі ретінде шебер ойынымен көзге түсті және сол жылы "Алтын күз" облыстық спартакиадасының "Үздік ойыншысы" атанды. 2021 жылдың қорытындысында бұқаралық ұлттық спортты дамыту бағытында аудан көлемінде жүргізілген жұмыстары жоғары бағаланып, "Ең үздік спорт нұсқаушы – 2021" номинациясын иеленді.
Мақсаттың өз қызметіне деген адалдығын, жауапкершілігін оның бала күнінен спортқа деген қызығушылығымен, құмарлығымен байланыстыруға болады. Есет батыр ауылының тұрғындары спорт нұсқаушысы өз қызметін бар ынта, ықыласымен атқаратын азамат екенін айтады. Ауыл адамдарының той-томалақта, басқа да көпшілік жерлерде басы қосылып қалғанда да Мақсаттың алғашқы әңгімесін бұқаралық спорттан бастайтынының өзі оның қызметіне деген жауапкершілігін көрсетеді. Әсіресе ауылдағы жастар мен жасөспірімдер жағы жаттығу залынан шықан соң да Мақсат ағайларының айналасына көп төңіректейді. Ол жайында Мақсат Өмірзақұлы:
– Қазіргі жастардың тәрбиесі өте қиындап бара жатыр. Оған қоғам болып жауаптымыз. Жас ұрпақтың келешегінің жарқын болуы тікелей бізге, яғни алдыңғы буынға байланысты. Мәселен, соңғы уақытта мектеп жасындағы балалардың мінезі күрделеніп барады. Өте ашушаң, ызақор. Оны психологтар мен дәрігерлер баланың күніне шектен тыс пайдасыз, тіпті жүйкеге салмақ түсіретін ақпараттар қабылдағаннан мінез-құлқы бұзылып және тәулік бойы смартфон шұқылап, компьютер алдында тапжылмай отырып, физикалық белсенділігін жоғалтып, қимыл-қозғалысы шектеліп, қан айналымның бұзылуымен байланыстырады. Мен мамандармен келісемін. Расымен, қазіргі оқушылар мен жастардың бос уақытының барлығын ғаламтор жеп қойып жатыр. Оған тосқауыл қоймасақ, ғаламтор бір күні өздерін жұтып қояды. Ал жас ұрпақты ғаламторға тәуелді болып қалудан сақтайтын бір жол бар, ол – спорт. Сондықтан біз тек жастарды ғана емес, ауылдағы ересектер, тіпті егде жастағы аға-апаларымызды, қарттықтың құшағына құлаған ата-әжелеріміздің өзіне салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолы тұрақты түрде спортпен айналысу екенін насихаттап, оларға маман ретінде бағдар беріп отырамыз. Нәтижесі де жоқ емес, жоғарыда аталған спорттың 6 түрі бойынша ауылымызда жетістіктер бар. Алғашқыдай емес, қазірде жастар да қалыптасып келе жатыр. Үйірме жұмыстары мектептің сыныптары мен дене шынықтыру залдарында өтеді. Қажетті спорттық жабдықтардың барлығы жеткілікті, – дейді.
Иә, денің сау, тұлғаң сымбатты болып, ұзақ өмір сүру үшін қимыл-қозғалыс керек. Ал денені мәжбүрлі түрде қимыл-қозғалысқа түсіретін – спорт. Мақсаттың алдағы мақсаты – ауылда бұқаралық ұлттық спорт ойындарын одан әрі дамытып, жастарды, әсіресе ер балаларды ат спортына баулып, намысын, жігерін шыңдау.