» » Жеңімпаздар жеңіс тұғырынан көрінді

Жеңімпаздар жеңіс тұғырынан көрінді


Дәуімбай елді мекенінде орналасқан жабық бассейн жұмысын бастағалы Жалағашта су спортынан түрлі сайыстар жиі ұйымдастырылып жатқанын осыған дейін де жазғанбыз. Кешегі аптада тартысқа толы дода жалғасын тауып, бабы мен бағы қатар шапқан қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүзуден аудандық ашық біріншілік 2005-2015 жылдары туылған жастар мен жасөспірімдер арасында өтті. Бас-аяғы 80-ге жуық қатысушы жүзу­дің 4 түрінен жүлделерді сарапқа салды.

Шара Қазақстанның әнұранымен шымыл­дығын түрді. Мұнан кейін ау­дан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет Балалар жылы аясында өтіп жатқан ашық біріншіліктің маңы­зы­на тоқталып, қатысушыларға сәт­ті­лік тіледі.

– Бұл шараның расында маңызы зор, шынында бізде жабық бассейн ашылғанға дейін спорттың бұл түрі кенжелеп қалған болатын. Енді осы олқылықтың орнын толтыруға мүм­кіндік туып отыр. Осындай шара­лардың ұйымдастырылуы ауданда су спортының алға басуына үлкен сеп болары анық. Бүгінгі шараның маңызы зор деуім де сондықтан. Аты аудандық сайыс демесеңіз, бұл ашық біріншілік болғандықтан ау­дан­нан өзге де аймақтардан қа­ты­суға мүмкіндік бар. Міне, бір ғана Қызылорда қаласынан 3 ко­манда бақ сынауға келіп отыр. Жа­ла­ғаш­тың намысын қорғайтын жергі­лікті спортшылар да жоқ емес. Бар­шаңызға тек сәттілік тілеймін. Ау­данда, аймақта ғана емес, елі­міз­де су спорты алға басып, әлем­дік додалардан топ жаратын спорт­шы­лар қатары көбейе берсін және дәл осы спорт түрінен үлкен додаларда әнұранымызды шырқатып, көк туы­мыз­ды биіктен желбіретер спорт­шылар біздің аймақтан да көптеп шыға берсін. Баршаңызға тағы да сәт­­тілік тілеймін, – деді Жасұлан Ерданұлы.
Аудан әкімінің орынбасарына алып-қосарымыз жоқ. Расында ау­данда жабық бассейн ашылғалы су спортына қызығушылығы басым жер­­лестеріміздің көп екеніне көз жет­кіздік. Мәселен, осыған дейін жа­бық бассейн директоры орын­басарымен болған сұхбатта ол мұнда келушілер басында тек суға түсіп, жай ғана демалыс үшін уақытын арнайтынын айтқан. Кейін олар 4-5 адам болып, су спортынан сайысуды әдетке ай­нал­дырыпты. Тіпті команда болып өзара сайыста бақ сынайтындар да болады екен. Ал жергілікті жастар, орта және аға буын арасында аталған спорт түріне деген дәл осындай қызығушылықтың нәтижесінде ау­дан­да су спортының алға басуына жол ашылары анық.

Бірді айтып, екіге кетті демеңіз, біздікі жай ғана жабық бассейннің өңір халқы үшін тиімділігін тарқату ғой. Бұл сөзімізге кешегі өткен ашық біріншілік те тұздық болары анық.
Жарыс басталмас бұрын облыс орталығынан келген бас төреші Бақ­дәулет Жолдасбеков қаты­су­шы­ларға сайыстың ережесін кеңінен түсіндірді. Мұнан кейін бірнеше жүлдені сарапқа салған сексенге жуық қатысушы жү­зудің 4 түрінен сайысты бастап кетті.

Бақдәулет Жолдасбековтың ыс­қы­рығы шалынысымен алдымен қа­ты­сушылар еркін жүзуден жүлделерді сарапқа салды. Жас ерекшелігіне байланысты спортшылар 25 және 50 метр қашықтыққа уақытпен еркін жүзді. Мұнан кейін 50 метр қа­шықтыққа арқамен жүзу сайысына кезек келді. Бұл додада мәреге бірінші келгендер де аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы диплом­да­рымен және ме­даль­­дарымен мара­патталды.
Брасс сайысында да қатысушылар қарап қалмады. Олардың мәреге бірінші жетіп, додада топ жаруға де­ген құлшынысы шалт қимылынан айқын аңғарылады. Ал дельфин не­­­месе баттерфляй сайысында 50 метр­ді аз уақытта артта қалдырған су спор­тының болашақ майталмандары жеңіс тұғырынан көрінді.

Ашық біріншілікте аудан спорт­шылары да жарады. Әсіресе дүбірлі додада Жалағаштың намысын қор­ғаған Диас Бегеніш, Ернияз Шөмен, Бибарыс Айсәулет, Мәди Шәріп және Ердәулет Бауыржанұлы сынды мақ­таныштарымыз жалағаштық жан­күйер­лерін жерге қаратпады. До­да­да топ жарған олар да аталған бө­лімнің арнайы дипломдары мен ме­дальдарына ие болды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ


24 мамыр 2022 ж. 1 140 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031