» » Головкин жаңа жаттықтырушысын таныстырды

Головкин жаңа жаттықтырушысын таныстырды


Алматы, BAQ.KZ. Бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс отандасымыздың жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Геннадий Головкин арнайы өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп жазды Vesti.kz.

36 жастағы Бэнкс Головкиннен 3 айға кіші. Бұрын ол боксшы болған және IBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы болған.

Владимир Кличкомен жұмыс істеу арқылы Бэнкс жаттықтырушы ретінде танылды. Сонымен қатар ол, атақты Эмануэл Стюардқа ассистент ретінде көмектескен, ол көз жұмған соң украиндық боксшының жаттықтырушысы болды, оның үстіне өзі де рингте жұдырықтасып жүрді. Бэнкстың жетекшілігімен Кличко алты жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған. 

Еске салсақ, Головкин сәуірдің 24 күні бұрынғы жаттықтырушысы қош айтысқан еді. Олар 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеген. Абель Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған. 

Бұған дейін Абель Санчес Головкинмен келісімшартты бұзуының себебін айтты.

 
Фото: ашық дереккөз
06 мамыр 2019 ж. 996 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031