» » Айбыным да, айбарым да – АТА ЗАҢ

Айбыным да, айбарым да – АТА ЗАҢ


Қанша ғасырдан бері азаттықтың ақ таңын аңсаған, ұланғайыр атырапты көздің қарашығындай сақтаған қазақ елі ата-баба арманына қол жеткізді. Қазақстан халқы тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Тәуелсіздіктің төлқұжаты Ата Заңымыз қабылданды.
Конституция – жарқын істеріміздің қайнар бастауы, мемлекетіміздің мызғымас алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бағыт-бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Қоғамдық және мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, халықтың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып табылатын маңызды құжат та осы – Конституция тәуел­сіздігіміздің төлқұжаты десек, қателеспейміз. Соны­мен бірге елдігіміздің іргесін нығайтудағы қарыш­ты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орны­ғуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлем­дік өркениетте кең қанат жаюы жолындағы бірден-бір бас­тау­шы заң – әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы. Ширек ғасырға жуық уақытта Ата заңымыздың аясында бүгінде Қазақстан халқы қолайлы әрі бейбіт өмір сүруде. Сонымен бірге ел мүддесі үшін жүзеге асырылып жатқан бағдарламар да – мемлекет мәртебесін нығайтуға бағытталған бірден-бір айқын бас­тама.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы шын мәнінде тәуелсіз, егеменді еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалаған маңызы зор құжат болды. Онда қоғамдық-саяси институттардың құқықтық негіздері, адам және азаматтың конституциялық мәртебесі анық­талып, экономикалық құрылымы айқын­далып, мемлекеттік құқықтық жүйенің негізі қаланған. 1995 жылы қабылданған бұл заңда өмірге жаңадан аяқ басқан демократиялық, зайырлы мемле­кетіміз үшін оның басты құндылықтарының бірі – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылды. Қазақстан халқының қоғамда барынша қолайлы өмір сүруіне, мемлекеттік басқару ісіне, әділетті келісімдердің жүзеге асуына, сонымен бірге қоғамдық қарым-қатынастардың зайырлы ұстанымының қалып­тасуына бағытталған заңдылықтарды тереңінен қам­тыған. Бір шаңырақ астында жүзі бөлек бол­са да жүрегі бір, тілі бөлек болса да тілегі бір жүз­деген ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, азаматтардың діни сенім бостандығына еркіндік беру тек Конституцияның еркіне берілгені белгілі. Бұл игілік – Қазақстан үшін басты бағыттағы құндылық етіп, гуманизм қағидаларына сүйенген Ата заң демократиялық қоғамның қасиетті арқауына айналды. Ол азаматтық, жариялылық қоғамның негізгі міндеттерін қорғап, ол кемел келешекке нық қадамдар жасауға қанат жайдырды. Осының өзі көпұлтты мемлекетіміздегі кемел келешекке бағытталған ынтымақтастық пен бірліктің айқын дәлелі.
Ата Заңның қабылдану уақыты еліміздің құқық­тық өміріндегі жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан алғашқы кезең. Өркендеп, дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата заңды құрметтеу – бүгінгі біздің міндетіміз. Қазақстанның әр азаматы оны құрмет­теу және сақтау арқылы өз елін, Ота­нын, тарихын, құндылықтарын құрметтеп, қоғам­дық келісім мен бейбітшіліктің кепілі екенін айқын­дайды.
Біздің Конституциямыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы. Ол – адамдардың келешігінің кепілі, мемлекетіміздің айбары.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
30 тамыз 2019 ж. 1 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930