» » Ақсулықтар топ жарды

Ақсулықтар топ жарды


Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық шаралар ұйымдастыру бір жолға қойылған. Әсіресе ардагерлер мен әйелдер арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналды. Биыл да нәзікжандылар арасындағы дүбірлі доданың жалғасын табуы Жалағашта спортпен шұғылданамын деген жандарға қолдау барын тағы бір аңғартты.
Кент пен ауылдық округтерден келген белсенділер таң атысымен орталық стадионда бас қосты. Бір­неше кезең бойынша көптен оза шығуды көздеген мұн­дағы апайлардың мақсаты бір. Тек жүлделі орыннан көрініп, ауылының намысын қорғаса болды, басқа бақыттың қажеті жоқ. Таң атысымен «Бастысы намысты қолдан бермеу керек, өткен жылдардағы қателікке тағы да бой алдырмасақ, ешкімді жерге қаратпаймыз» деп ақылдасу кезінде асығыс айтқан сөзінен-ақ туған жеріне деген патриоттық сезімін айқын аңғаруға болады.
Бірнеше кезеңнен тұратын спартакиаданың ашы­лу салтанатында Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев, ардагер журналист, ақын Серік Бертаев қатысушыларға сәттілік тілеп, дәс­түр­лі шараның келер жылы да жалғасын табуына ті­лек­тестік білдірді.
Алғашқы кезең бойынша 30 жастан асқан нәзікжандылар жеңіл атлетика бойынша өзара мықтыны анықтады. Мұнан кейін бес асық, қол күрес, арқан тарту сияқты сайыстарда да бақ сынаған жалағаштық нәзікжандылар спорттың қай түрінен де қаражаяу емес екенін көрсетті.
Айта кетейік, "Fulcrum Foundation аза­мат­­тық бастамаларды қолдау" қоғамдық қо­рының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ау­дан­дық спартакиада биыл үшінші жыл қатарынан қолға алынып отыр. Бұған дейінгі сайыстарда аудан іргесіндегі ақсулықтар жеңісті қолдан бермеген еді. Биыл да аталған елді мекеннің командасы қарсыластарынан оза шапты. Қорытындысында жалпы командалық есеп­те Ақсу ауылдық округі І орынды жеңіп алса, екінші орынға Мәдениет ауылдық округі жайғасты. Ал жаңаталаптықтар үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар ар­найы диплом, ал­ғыс хаттар және кубокпен мара­патталды.
– Жалпы спорттық шаралардағы ақсу­лық­тардың бұл алғашқы жетістігі емес. Бұған дейінгі ардагерлер арасындағы спартакиада да ауыл ардагерлері жүлделі орыннан көрінген болатын. Бүгінгі сайыста біз үлкендер бастап берген дәстүрді тек жалғаушымыз деп білемін. Мұны алдағы сайыстарда бізден кейінгі буын өкілдері жалғап әкетсе құба-құп. Жалпы ауданда соңғы жылдары спорттық сайыстарды ұйымдастыру қарқын алып жатыр, оны мойындауымыз керек. Бұл елде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айтарлықтай үлес болып отыр. Жаңағы спартакиададағы кезеңдердің ішінде жеңіл атлетика біздің ең ыңғайлы спортымыз десек те болады. Жалпы уақытқа жүгіруден біздің ауылдың жетістігі көп. Арқан тартыс пен қол күрестен де мықтыларымыз жетерлік. Дәстүрлі шара­да кезекті жеңіске қол жеткізуіміздің басты себебі де осы, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Гүлшат Бүркітбайқызы.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

24 қыркүйек 2019 ж. 484 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930