АУДАНЫМЫЗДА 4000-ҒА ЖУЫҚ АРДАГЕР БАР

- Cіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. «Ауылыңда дана қартың болса, жазылып қалған хатпен тең» дегендей, Сіздер тұрғанда кейінгі ұрпақ арқасын тауға тірегендей халде болатынын айтсам артық болмас.
Дана халқымыздың үлкенді қадірлеудің игі дәстүрі өздеріңіз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет, - деді аудан басшысы кездесуде.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, М.Шәменов ауылының тұрғыны, ардагер әже Р.Жүсіпова сөз алып, ыстық ықыластарын жеткізді.
Шара соңында аудан басшысы ардагерлерге алғыс, сый-сыяпат табыстап, естелік суретке түсті.