» » «ӘЙЕЛ БАРДА – ӘЛЕМ БАР» АТТЫ ІV АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

«ӘЙЕЛ БАРДА – ӘЛЕМ БАР» АТТЫ ІV АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Кеше Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте IV аудандық әйелдер форумы өткізілді.
Форумда аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, Қызылорда облыстық «Ару Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Раушан Сарымсақова, Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІ республикалық ауыл әйелдері форумының делегаты, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының, «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман, М.Шәменов ауылдық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Алмаш Жүнісқұлова сөз алып, отбасы құндылықтары, әйел-ананың қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Аудандық әйелдер форумында түрлі салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда аяулы әже, көп балалы ана, асыл жар атанып отырған аналарымыз «Fulcrum Foundation азаматтық бастамаларды қолдау» қоғамдық қорының Алғыс хат, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кету керек, бүгінде ауданымызда 749 көп балалы ана есепте тұрады.
Бүгінгі күнге 328 ана «Алтын алқа» тақса, 607 ана «Күміс алқа» иеленді. Ал, 60 «Батыр ана» мен 64 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталды.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары бойынша 2019 жылдың 1 қарашасына 1136 отбасының 6588 мүшесіне 545 млн 875 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
15 қараша 2019 ж. 846 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930