«БІЗ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ, АЖЫРАМАС ІРГЕМІЗ» АТТЫ ҚОРЫТЫНДЫ ШАРАСЫ ӨТТІ
Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Біз сіздермен біргеміз, ажырамас іргеміз» атты этнос өкілдерінің арнайы қатысуымен қорытынды шара өтті.
Шарада «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева алғы сөз сөйлеп, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуына, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм құндылықтарына тәрбиелеуге бағытталған шараларға белсене қатысқан этнос өкілдерін аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.
Шараға сонымен қатар, Қызылорда облысы «Қоғамдық келісім» КММ – нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің аға сарапшысы Мәлік Гүләйім қатысып, шара барысында шешен этносының өкілі Орсиханова Алимаш, №31 мектеп гимназия оқушысы, Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды шарасына «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу байқауы бойынша марапат иесі Хамиева Жанель өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Шараны «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестінің төрайымы Мирман Дина қорытындылап, бірлестіктің жыл бойы атқарылған жұмыстарын атап өтті. Жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетсек, бүгінде ауданымызда орыс, кәріс, шешен, әзірбайжан, татар, өзбек, украин, қырғыз, неміс, беларусь, молдаван, тәжік, жалпы 12 түрлі ұлттан 380 өзге этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.