» » Қызылордада жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте дүниеге келді

Қызылордада жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте дүниеге келді

Қызылордадағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәбилердің басым бөлігі – ер балалар. Тышқан жылының бірінші тәулігінде 26 ер бала өмірге келген.
Айта кетерлігі, облыстық перинаталдық орталықта жылма-жыл 10-11 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ол облыс бойынша көрсеткіштің 60 пайызға жуығын құрайды.
«Жақында облыстық перинаталдық орталықтың 80 жылдық мерейтойын атап өттік. Орталықтың материалдық-техникалық жағдайы жақсара түсті. Соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Дәрігерлер шетелдерде оқуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде нәрестелердің шетінеуі төмендеді», - деді Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігері Ералы Бақтыбаев.

05 қаңтар 2020 ж. 378 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 036

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30