» » Мюнхенге жасалған маңызды сапар

Мюнхенге жасалған маңызды сапар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында әлемдік қауіпсіздік мәселелері талқыланатын саяси беделді әрі дәстүрлі шаралардың бірі – Мюнхен конференциясына қатысты, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Сапар барысында Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдар және германиялық ірі компаниялар жетекшілерімен маңызды кездесулер өткізді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен кон­фе­ренциясында Орталық Азиядағы аху­алды талқылауға қатысты. Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панель­дік сес­сиясында «Географиялық орна­ласудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйледі. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани да пікірталасқа спикер ретінде қатысты. Іс-шараға америкалық дипломат, Халық­аралық байланыстар жөніндегі кеңес президенті Ричард Натан Хаас моде­раторлық етті.
Іс-шара қызу пікірталас форматында өтті. Спикерлер модератордың сұрақ­та­рына жауап беріп, Орталық Азиядағы қауіп­сіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ойларын ортаға салды.
Мемлекет басшысы өңірдің алатын орны туралы айта келе, Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түсетінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қаты­су­шыларға Қазақстанның сыртқы саяси басымдығы және еліміздің Ресеймен, Қы­тай­мен, Еуроодақпен, АҚШ-пен, сон­дай-ақ Ауғанстанмен өзара қарым-қаты­настары туралы әңгімеледі.
Өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі арнайы тақырып ретінде тал­қыланды. Мемлекет басшысы есірткі та­­сымалына қарсы күрес жөніндегі ша­ра­лар­ға, Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимылдарға қосқан үлесіне, «Жусан», «Русафа» операцияларының қоры­­тындыларына егжей-тегжейлі тоқ­талды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға өзінің прези­дент­тігінің басымдықтары, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың не­гізгі бағыттары туралы айтып берді. Осы рет­те Президент экономиканы әрта­рап­тандырудың, инновациялар мен цифр­лан­дыруды дамытудың аса маңызды екеніне назар аударды.
Сессияның соңында Мемлекет бас­шы­сы жиынға қатысушылардың сұрақ­тарына жауап берді.

18 ақпан 2020 ж. 503 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031