» » МИ-8 ТІКҰШАҒЫ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

МИ-8 ТІКҰШАҒЫ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар ескерткіші маңында 2008 жылы 28 ақпан күні МИ-8 тікұшағы апатының 12 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Жиылған қауым қаза тапқан азаматтарды бір сәт үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады.
Еске алу жиынының алғашқы сөзін облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев алып, қызмет бабында қаза тапқан азаматтардың жарқын бейнелері жадымызда мәңгілік сақталып, есімдері әрдайым құрметпен аталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, шарада Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Бутабаев, қаза тапқан азаматтардың туысқандары, қызметтестері сөз алып, естеліктерімен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.
29 ақпан 2020 ж. 455 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031