ЖҰРТЫ ЖОМАРТ ЕЛДІҢ ЖЕРІ ДЕ ЖОМАРТ
«Көктем келді дегенше, көктей берді десеңші» Жер- ананың тоңы жібіп, мол ырысқа кенелген қазақ бұл мезгілмен қоса есігінен ырыстың қатар енетініне сенеді. Науқаналды қызу дайындық та көктеммен тұспа-тұс келіп, дала дүбірге толады. Әсіресе, атасы мен немересінің өз ауласына ағаш отырғызуынан артық көрініс жоқ шығар. Сенбілікке шыққан әрбір ұжымның іс-қимылында да серпін бары айқын байқалады. Міне, Қазақ деген текті халықтың бұл мезгілді тіршіліктің бастауы деп білуінің сыры осында шығар, сірә.
Жалпы Жалағаштың жері жомарт қой. Топырағының құнары қаншалықты жоғары болғанмен түбінде тіршілік жоқ елді мекендер бар. Оның қасында біздің өңірдің қай алқабына дән тастасаң да Жер-ана жерге қаратпайды. Аграрлық өңірдің жыл сайын көркейіп-көгалдануын өз басым атқарылған жұмыстың нәтижесімен байланыстырамын. Мәселен, бір ғана кент орталығына әр жылдың көктемінде мыңнан астам ағаш отырғызылады. Бұл – ұзақ жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі шара. Нәтижесін көріп отырсыздар, қазір Жалағашта бірқатар көшенің қос қапталы қара талға тұнып тұр. Игі бастама ауылдық округтерде де қарқын алуда.
Көркейтіп-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде ең бірінші салмақ көшет және қалемшелермен қамтамасыз ететін мекемеге түседі. Бұл ретте орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Бір жағынан «Біздің ауданның жері қандай ағаштар егуге қолайлы, отырғызған талдардың қай түрі тез алып кетеді, негізінен ротацияның бұзылмауына қарапайым қара талдың да пайдасы тие ме?» дегендей бірқатар сауалымызға жауап алу үшін маман кеңесіне жүгінуді жөн көрдік. Аталған мекеменің басшысы Нұртай Жонтаевпен екеуара әңгіме барысында табиғат жанашырларының нәтижелі жұмысына көз жеткіздік.
Аудандағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орман қоры болып табылатын аудан териториясындағы 769,482 гектар алқаптың бұзылмауына жауапты. Жалпы «Табиғат экологиясынан адам экологиясы қауіпті» деген сөз бар. Яғни өзіміз жасаған қателіктің зардабын кейде қоршаған орта тартып жатады. Міне, осындай келеңсіздіктерді болдырмауда да жалағаштық табиғат жанашырларының тынымсыз еңбегі орман қорымыздың молаюына сеп болыпты. Мұнан бөлек аталған мекеме жыл сайын ауданның көркейіп-көгалдануына қалемше-көшеттермен қамтамасыз ету арқылы өз үлесін қосуда. Көктемнің басталғаны кеше ғана, әлден көшет-қалемшелерге тапсырыс берушілер өз өніміне қол жеткізіп жатқан көрінеді. Өзіміздің кент әкімшілігі биыл аудан орталығының көркейту жұмыстары үшін аталған мекемеге 1000 түп көшетке тапсырыс беріпті. Біз барған күні көршілес Қармақшы ауданынан да тапсырыс түсті.
Мұндағы мамандардың сөзінше, елімізде сирек өсетін кейбір талдар мен жеміс ағаштарын қоспағанда Жалағаштың территориясы кез келген ағаштың өсіп-өнуіне қолайлы көрінеді. Әсіресе, терек, күлен, үйеңкі, Сыр талы, Шаған талдары тез көктейді екен. Мұндағы мамандар қазіргі таңда бұрын біздің өңірде өспеген ағаштарды да жерсіндіру жұмыстарын бастап кетіпті. Мәселен, оңтүстік өңірлерде өсетін Каталпа ағашынан қазіргі таңда 50 түп көшет дайын тұр. Жапырағы түйенің табанындай болатын ағаштың бұл түрі күлен тәріздес бойына дән алады. Осылайша тұқымын егу арқылы көшет дайындалады. Мұнан бөлек жалағаштық табиғат жанашырлары жылына 40 мың түп Сыр талы, 10 мың түп қара ағаш, 1000 түп терек, 180 мың түп сексеуіл егеді. Ал кейін бұл ағаштарды тек ауданның ғана емес, облыстың көркейіп-көгалдануына пайдаланады. Көшет егіп дайындауға 7 гектар жер арналған. Мұндағы мамандардың күнделікті жұмысын көрсеңіз кәнігі бағбан екеніне көз жеткізесіз.
Көшет, қалемшелерді дайындаудың да өз әдісі бар екен. Мәселен, мұндай жұмыстарды қыстың соңғы айында бастаған дұрыс. Күн райы 10 градус жылынса, ағаштар тіріліп кетеді. Сондықтан салқында оны мамандар кесіп, еккен көшеттерін жинап арнайы ұраға салып қояды. Бұл ұраның аты «Мұзхана» деп аталады. Олай аталуының да өзіндік себебі бар. Ұраның астына бір метр биіктікте мұз төселеді. Сондан кейін барып оның бетіне әлгі көшеттер мен қалемшелерді жиып қояды. Мамандардың сөзінше, өлі күйінде отырғызылған көшеттер мен қалемшелер тез көктейтін көрінеді. Ал жан біткеннен кейін алынған ағаштардың бас алуы да тым қиын екен.
Жалпы табиғат жанашырларының сөзінің жаны бар. Жалағаштың топырағына не тастасаң да еңбегің қайтады. Кент орталығына отырғызылған қалемшелердің де 90 пайызы көктеп жатқанын өзіміз де көріп жүрміз. Алайда бір мәселе бар. Сол отырғызылған ағаштарға күтім болмай тұр. Орталықта ірі қара мен уақ малдардың өрістегідей өріп жүруі көркейтіп-көгалдандыру жұмыстарының ақсауына да сеп болып жатыр. Басында «Орталықты жайылымға айналдырған іріқара иелеріне айыппұл қарастырылады» деген. Бірақ нәтижесіне әлі көз жеткен жоқ. Есесіне енді бас алып көктеп келе жатқан ағаштарды төрт түлік жұлып жеп жатқанда әрбір мекеме ұжымының апта сайын сенбіліктегі еңбегі еш кеткеніне көз жетіп жатыр.
Жалағаштық табиғат жанашырларының еселі еңбек етуі бүгінде қоршаған ортаға да оң әсерін беріп отыр. Мәселен, осы саладағы білікті мамандарымыз дайындаған 1000 түп сексеуіл Арал ауданына жіберіледі. Оңтүстік Кореялық мамандар жердің сортаңын жоюға сексеуілдің үлкен пайдасы барын анықтапты. Ол жаққа бізден жөнелтілген сексеуіл көшеттері жерсініп жатқан көрінеді. Мұның алдында Қазалы, Қармақшы аудандарын да сексеуіл көшеттерімен қамтамасыз еткен біздің өңірдің білікті мамандары болатын. Жалпы Жалағаштағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері жыл сайын көктемде 200 гектар, күзде 800 гектар қызылдың табанына сексеуіл егеді. Мекеме басшысының сөзінше, жыл сайын олардың бас алуы мен шығымында өсім бар көрінеді. Мұнан бөлек арнайы 3 гектар алқапқа 624 түп алма, сары өрік, қара өрік сияқты бірқатар жеміс ағаштарын еккен. Бүгінде жемісін беріп жатқан бұл бақтың өнімін мекеме ұжымы балабақшалар мен білім ошақтарына тегін таратуда. Ал көшеттерге келсек, имандылық үйі, білім ошақтары мен балабақшаларға тағы да тегін таратып отыр. Мұнан бөлек, жыл сайын өтетін ағаш отырғызу акцияларында барлық мекемені тегін көшет-қалемшелермен қамтамасыз етуде.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ